Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа жыл қарсаңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және Amanat партиясының бастауыш ұйымы екі ауданнан келген 180 балаға арналған қайырымдылық шыршасын ұйымдастырды.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа жылдық ертегі сыйланып, керемет сыйлықтар табысталды. Компаниямыздың өндірістік аумақтары орналасқан Қарақия және Маңғыстау аудандарынан келген кішкентай қонақтарға бұл күн ұзақ уақыт есте қалатыны анық.
«Маңғыстаумұнайгаз» құрамында Amanat партиясының 1500-ден астам мүшесі бар. Осындай шараларды ұйымдастыру – біздің жылдар бойғы қалыптасқан игі дәстүріміз. Біз үшін балалардың күлкісі мен бақытты жүздері – ең үлкен марапат.
Мұндай шаралар баршамызға жақсылықтың жүректен басталатынын еске салады. Балаларға қуаныш пен үміт сыйлау – біздің басты миссиямыз.