Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Осыдан тура 10 жыл бұрын – 2015 жылғы маусымда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ында Ахуалдық орталық-коммуникация құралдарымен жарақтандырылған және өндірістік процестерді жедел бақылау мен мониторингтеуге арналған арнайы диспетчерлік пункт ашылды.
Осы уақыт ішінде орталық өзінің жоғары тиімділігін және оған сұраныс бар екенін дәлелдеді. Бүгінгі күні ахуалдық орталықтың операторлары барлық өндірістік циклдарда пайдаланылатын арнайы техниканың, жеңіл көліктің және автобустардың - бұрғылау, персоналды тасымалдау, кен орындарын күзету, Қоғамның кен орындарында және Ақтау қаласында ұңғымаларды пайдалану және жөндеу қозғалысын нақты уақыт режимінде тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді. Қоғамның және мердігер ұйымдардың көлік құралдарына мониторинг жасау - белгіленген мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.
Жедел бақылауды жүзеге асыру, көлік құралының географиялық қай жерде орналасқандығын, қайда және қандай жылдамдықпен жүретіндігін, жүргізушінің қауіпсіздік және жол жүрісі қағидаларын сақтайтынын, орындалған жұмыстар көлемінің тіркемелерін анықтауға және т.б. мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Ахуалдық орталыққа GPS on-line 125-тен астам мердігер ұйымдардың: «Oil Services Company» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС, «Бозашы Транс құрылыс» ЖШС, «Мұнай Көлік басқармасы» ЖШС, «Бұрғылау Компаниясы «Великая стена» ЖШС, «Құлан» ЖШС «Techno Trading LTD» ЖШС, «Маңғыстауэнергомунай» ЖШС, «Мұнайтелеком» ЖШС, «Akadi Holding» ЖШС және т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуіліне қолжетімділік берілді.
GPS мониторинг жүйесі арқылы бақыланатын автокөлік құралдары мен арнайы техниканың жалпы саны 3700 бірліктен асады. 2025 жылдың басынан бастап ахуалдық орталықтың GPS – мониторингінің көмегімен мердігер ұйымдардың жүргізушілері тарапынан бұзушылықтардың 307 фактісі анықталды: оның ішінде 23 факт - жылдамдық режимінің асып кетуі, 284 - GPS терминалының ақауы.
Орталық инженерлік-технологиялық департаментінің басшысы Руслан Бимағамбетов: Ахуалдық орталық ашылғаннан бері жүргізушілер тарапынан ереже бұзушылықтар саны бірнеше есе азайғанын атап өткім келеді. Бұл ретте біз міндетті түрде біреуді жазалауды мақсат етпейміз, біздің басты міндетіміз - жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігі, аман-есен жұмысқа дейін жетіп, жұмыстан үйлеріне аман қайтуларын қамтамасыз ету.