Главная Новости «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасы үндеу жариялады
03 маусым 2020, 07:57 3076

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасы үндеу жариялады

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасы үндеу жариялады

Құжат тексті компанияның ресми веб-сайтында жарияланды.

Құрметті әріптестер!

Бүкіл әлем және біздің еліміз коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты қиын жағдайға тап болды. Бұл ауру адамдардың қалыпты өмір сүру тәртібін бұзды, әлемнің барлық елдерінің экономикаларына елеулі зиян келтірді. Наурыз айында Қазақстанда COVID-19 табылғаны туралы алғашқы дабыл хабарлары пайда болған кезден ақ, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ аурудың таралуына жол бермеу шараларын қолға алды: жедел штаб құрылды, іс-шаралар жоспары әзірленді, қажетті медициналық қорғаныс құралдары сатып алынды, қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгерді, автостанцияларға кен орнына шыққанға дейін, тепловизордың көмегімен барлық қызметкерлер дене қызуын өлшеуді жүргізе бастады және тағы басқа шараларды жедел қолға алған болатын. Алайда, өкінішке орай, барлық жасалған қадамдарға қарамастан, COVID-19 пандемиясы біздің компанияны да айналып өтпеді: 29 мамырда аталмыш вирус "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ қызметкерінен табылды. Бұл ауру қауіпті, кейде симптомсыз өтеді, белгілі бір уақыт ішінде инфекция тасымалдаушысы жұқтырғанын білмеуі мүмкін, ол адамда жоғары температура, жөтел және басқа да COVID-19 белгілері болмайды, бірақ бұл ретте ол вирусты айналадағылар арасында таратуды жалғастыра беруі ықтимал ауру.

2-маусым күнгі мәлімет бойынша, COVID-19 диагнозы Қаламқас кен орнындағы 10 адамда расталды, олар біздің қызметкерлер, сондай-ақ сервистік компаниялардың жұмысшылары. Олардың барлығы Ақтау қаласындағы инфекциялық стационарға жатқызылды. Сондай-ақ мұнайшылар арасынан жақын байланыста болған адамдар да оқшауланып Қаламқас кен орнындағы провизорлық үй-жайларға орналастырылды, олардың барлығынан COVID-19 бар-жоқтығы анықталатын зертханалық талдаулар алынды. Сондай - ақ, ауырып қалған қызметкермен байланыста болуы мүмкін тұлғалар анықталды, олардың барлығы жатақхана блогында медициналық қадағалауда (блок уақытша карантинге жабылды).

Құрметті әріптестер, біз сізден үрейге берілмеуді сұраймыз! Коронавирустық инфекция таралған жағдайда кен орындарында карантин жағдайына "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында барлық обсервациялық үй-жайлар алдын ала дайындалып, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілді. Қаламқас кен орнында азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің стратегиялық қоры жеткілікті.

Осы қиын кезеңде, біз СОVID-19 шалдыққан науқас әріптестерімізге шынайы қолдау білдіреміз: Сіздерге тез арада сауығып кетуді тілейміз, тәжірибе көрсеткендей, ауруды жеңуге болады! Жақын арада сіздермен аман-сау қауышамыз деп сенеміз! "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ өз тарапынан барлық міндетті көмекті көрсетіп, қолдау шараларын алады.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 Қаулысына сәйкес және аумақтық қадағалау органдарының ұсынысы бойынша компания басшылығы мен жергілікті мемлекеттік органдардың ерекше өкімі болмаса, Қаламқас кен орнына кіруге және шығуға тыйым салынған (персоналдың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автокөлікті қоспағанда). Бұл адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне байланысты амалсыз шара. Қазір кен орнында ауруды тоқтату үшін барлық шараларды қабылдайтын денсаулық сақтау басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары жұмыстануда.

Құрметті әріптестер, осыған байланысты Сізден мамандар тарапынан талап етілетін барлық шараларға түсіністікпен қарап, сондай-ақ дәрігерлердің ұсынымдарын мүлтіксіз сақтауларыңызды сұраймыз.

Коронавирус - бұл әзіл емес, ойдан шығарылған өтірік емес, бұл шекараны таңдамайтын, ұлтқа, жасқа, жынысқа және мәртебеге қарамайтын нақты ауру. Мысал ретінде кейбір кен орындарында болып жатқан жағдайларды алсақ болады. Сондықтан, құрметті әріптестер, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың барлық ұсыныстарын мүлтіксіз орындауға, қажетті санитарлық нормаларды сақтауға тағы да шақырамыз.

Осы қиын кезеңде бізге ортақ қауіп-қатердің алдында топтасу, бірігу, үрей мен арандатушылыққа берілмеу маңызды. Барлық қабылданатын шаралар мен алдағы уақытта қолданылатын шаралар тек егер біз ынтымақтық, ағымдағы ахуалдың күрделілігін түсінетін болсақ ғана нәтиже береді.

Қазір біздің әрқайсымызға азаматтық жауапкершілік танытып, өз денсаулығымызды және өз жақындарымыздың денсаулығын сақтау өте маңызды. Бірлескен күш-жігермен біз кез келген қиындықтарды жеңе аламыз! Біріксек, алынбайтын қамал жоқ!

Біз біргеміз!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: