Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнай өндірудің тиімділігін арттыруға және өндірістік процестерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды белсенді енгізуді жалғастыру үстінде.
Компанияның негізгі жобаларының бірі «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы базасында кен орнын басқару орталығын (КБО) құру болып табылады. Бұл жоба алғаш рет «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ объектілеріне енгізілді және ол кен орнындағы технологиялық процестердімониторингілеу мен басқаруға арналған зияткерлік платформа болып табылады. Орталық бірыңғай IT-кеңістік қағидаты бойынша жобаланған, онда жұмыскерлер тәулік бойы режимде цифрлық құралдардың көмегімен кен орнындағы барлық өндірістік процестерді бақылап, талдайды.

Жаңа Орталықтың негізгі міндеті - барлық кезеңдерде кен орнын тиімді игеруді және пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың бірыңғай біріктірліген жүйесін қалыптастыру, технологиялық басқарудың тиімділігін арттыру, есепке алуды автоматтандыру, нақты шығындарды бақылау, энергия тұтынуды оңтайландыру және тағы басқалар. Қазіргі уақытта «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ КБО жүйесі кен орнының барлық негізгі өндірістік объектілерімен – Мұнай және газөндіру цехтарымен, Суды алдын ала ағызу қондырғысымен, Мұнайды дайындау және айдау цехымен, Газ турбиналық электр станциясымен және т.б. біріктірліген.
- Орталық AVEVA System Platform базасында жұмыс істейді, ол нақты уақыт режимінде деректерді жинауға және өңдеуге ғана емес, болашақта ықтимал ауытқуларды болжауға мүмкіндік береді, жұмыскерлерді белгіленген шектерден асып кеткені туралы автоматты түрде хабардар етеді, - деп атап өтті электроника инженері ААТжБД Ержан Кумысов. – Осындай цифрлық технологияларды қолдану біздің Компаниямызды сапалы жаңа деңгейге шығарады және одан әрі дамыту үшін тиімді негіз жасайды. Болашақта Қаламқас кен орнын басқару орталығына көлік бақылау жүйесін интеграциялаужоспарлануда, ал перспективалық жоспар бойынша осындай жоба «Жетыбаймунайгаз» өндірістік басқармасында да енгізілмек.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
153
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете