Главная Новости Маңғыстаумұнайгаз ардагерлері марапатталды
31 қаңтар 2023, 16:22 891

Маңғыстаумұнайгаз ардагерлері марапатталды

Маңғыстаумұнайгаз ардагерлері марапатталды

Жылдың алғашқы айында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу департаментінің қызметкерлері мерейтойын атап өтеді. Осыдан тура 10 жыл бұрын, 2013 жылдың қаңтарында бұрғылау бөлімі өндірістік Департаменттің құрамынан шығып, өз алдына құрылымдық бөлімше болып жасақталды.

ҰБжКЖД бірінші басшысы Берік Жиенбаев болды, содан кейін әр жылдары Департаментті Секербай Байманов, Ерлан Қарайшықов, Асқар Тыныштықов және Ян Юэхуа басқарды.

Қазіргі уақытта департаментті Бауыржан Батырғалиев пен Чжан Юнцзян басқарады. Аталған бөлім жаңа ұңғымаларды әзірлеу, бұрғылауға техникалық жобаларды дайындау, сондай-ақ ұңғымаларды күрделі жөндеумен айналысады. Егер 10 жыл бұрын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кенорындарында 153 ұңғыма бұрғыланып, 615 ұңғымаға күрделі жөндеу жүргізілсе, 2022 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 173 және 902 ұңғыманы құрады. Жалпы 10 жыл ішінде сала мамандарының көмегімен қосымша 3 593 048 тонна мұнай өндірілді.

Бұрғылау департаментінің ұжымы шағын болса да, өте ұйымшыл әр қызметкер өз міндеттеріне адал, ортақ мақсаттарға жету жолында талай кедергілерді еңсеріп келеді.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық әріптестерімді, сондай-ақ Департамент ардагерлері Қ.Өтесіновты, А.Жандалиевті, Н.Шамиловты, Е.Қарайшықовты, Б.Демеуовты, С.Баймановты және тағы басқаларды мерейтоймен құттықтағым келеді. Барлық ардагерлерге Департаменттің дамуына қосқан зор үлесі үшін, жас ұрпаққа берген тәжірибесі мен білімі үшін алғыс айтқым келеді, ал әріптестеріме жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін», – деді Ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу департаменті директорының орынбасары Б. Батырғалиев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: