Главная Новости Маңғыстаумұнайгаз бас директорының екі орынбасары тағайындалды
06 желтоқсан 2024, 09:20 782

Маңғыстаумұнайгаз бас директорының екі орынбасары тағайындалды

Маңғыстаумұнайгаз бас директорының екі орынбасары тағайындалды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы басшылық құрамның ротациясы аясында қызметке тағайындалған бас директордың жаңа орынбасарларын еңбек ұжымына таныстырды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Акционерлерінің шешімімен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне Марат Қайырбекұлы Елеусінов тағайындалды.

М.Қ.Елеусінов 1988 жылдың 6-шы наурызында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келді.

Ол 2010 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген (мамандығы – мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану), 2014-2016 жылдары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде (менеджмент, экономика және бизнес бакалавры) оқыды.

Еңбек жолын 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ 3 санатты мұнай-газ өндіру операторы болып бастады;

2012-2016 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ПТО мұнай және газ өндіру жөніндегі инженер, жетекші инженер;

2016 – 2017 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірістік процесті мониторингтеу және бақылау бөлімінің жетекші инженері;

2017-2020 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Өндірісті мониторингтеу және жедел басқару бөлімінің бастығы, МГӨ департаментінің директоры;

2020-2021 жылдары – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;

2021-2023 жылдары - «Ембімұнайгаз» АҚ бас технологы;

2023 жылғы маусымнан 2024 жылғы ақпанға дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;

2024 жылдың ақпан-желтоқсан аралығында - «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры.

2024 жылғы 5-ші желтоқсанда М.Қ.Елеусінов «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.


«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Акционерлерінің шешімімен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне Нұрбол Сұлтанұлы Пірмағанбетов тағайындалды.

Н.С.Пірмағанбетов 1978 жылдың 19-шы тамызында дүниеге келген.

2002 жылы ол Сулейман Демирел атындағы университетті бітірген (бизнес және бизнес әкімшілігі), 2012-2014 жылдары Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызметтер академиясының Халықаралық бизнес жоғары мектебінде (Іскерлік әкімшілік магистрі) оқыды.

Еңбек жолын 2004 жылы «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кредиторлық берешек бөлімінде есепші болып бастады.

2005-2006 жылдары SCHLUMBERGER LOGELCO компаниясында есепші болып жұмыс істеді.

2007 жылдан бастап 2024 жылдың желтоқсанына дейін Н.С. Прмағанбетов «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-де жұмыс істеді: ол есепшіден бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына дейін көтерілді.

2024 жылдың 5-ші желтоқсанында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: