Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаламқас кенорнының спорт кешенінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасының 2023 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ еңбек ұжымымен есептік кездесуі болып өтті. Бас директор Мұрат Мұстафаевтың төрағалығымен өткен бұл жиында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды.
Бас директор ұжымды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштері жөнінде, кен орындардағы мұнай-газ қоры, копанияның мұнай-газ өндіру жоспарының орындалуы, геологиялық-барлау жұмыстары, экономикалық көрсеткіштер, кадрлық және әлеуметтік саясат туралы баяндама жасады.
Сонан соң, Мұрат Мұстафаев жиынға қатысушыларды «Самұрық-Қазына» Қорының тапсырысымен Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығының компаниямыздағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырды.

Бас директор өз сөзінде компания қызметкерлері жұмыс орындарының техникалық жабдықталуына және әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсартуға басым көңіл бөлу қажет екенін және сауалнама жүргізу арқылы анықталған басқа да кемшіліктерді жою үшін қажетті шаралар қабылдап жұмыстану керек екенін баса айтты.
Мұрат Мұстафаев мұнайшылардан болашақта сауалнама толтыруда белсенділік танытуларын сұрап, компания ұжымының әлеуметтік тұрақтылығы деңгейін біліп отыру және оны жақсарту мақсатында нақты шараларды қолға алудың маңызы зор екенін атап өтті.

Бас директордан кейін сөз алған бас директордың әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрпейіс Сәрсенбай жиынға қатысушыларға компанияның жаңа ұжымдық шартын жасақтау бағытындағы жұмыстың жағдайы туралы баяндап берді.
Жиынның күн тәртібі бойынша кезек сұрақ-жауаптарға берілді, қызметкерлер басшылыққа сұрақтар қойып, басшылық тарапынан толыққанды, егжей-тегжейлі жауаптар алды.
Дәл осындай кездесу бүгін Жетібай кен орнында өткізіледі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
210
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи