Главная Новости «Маңғыстаумұнайгаз» «Кәсіби шебер» оқуларын аяқтады
15 желтоқсан 2022, 08:30 1587

«Маңғыстаумұнайгаз» «Кәсіби шебер» оқуларын аяқтады

«Маңғыстаумұнайгаз» «Кәсіби шебер» оқуларын аяқтады

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерін оқытудың модульдік бағдарламасы – «кәсіби шебер» жобасы аяқталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ЦПК-Татнефть» және «ҚМГ Инжиниринг» қолдауымен 2022 жылы басталған жоба аясында «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ түрлі цехтарында қызмет ететін он алты шебер осы бағдарламалар бойынша дәріс алды.

Бағдарлама жан-жақты дамытуға бағытталған төрт блоктан тұрады: «Психология және корпоративтік басқару», «Мұнай мен газ өндіру, ұңғымаларды жөндеу технологиялары мен жабдықтары, Татнефть компаниясының тәжірибесі», «Үнемді өндіріс», «Экономика негіздері», «Еңбекті қорғау», «Шешендік өнер» және басқалар. Оқудың төрт модулін сәтті аяқтаған мамандар тек білімін жетілдіріп қана қоймай, өздерін жақсы жағынан танытуға, қызу талқылауларға қатысуға, сыртелдік және қазақстандық эксперттердің тәжірибесін игеруге мүмкіндік алады.

«ЦПК – Татнефть» және «ҚМГ Инжиниринг» әріптестеріне аталған жобаны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Біз әрқашан әріптестікті нығайта отыра, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз,- деді кездесуді ашқан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Дәулетжан Хасанов. – Сондай-ақ, шеберлер алдағы уақытта өз жобаларын сәтті қорғап шығатынына сенемін. Егер осындай бағдарламадан кейін біз өндіріске бір-екі жобаны енгізетін болсақ – бұл өте үлкен жетістік болар еді», – деді Дәулетжан Хасанов.

Бұдан әрі шеберлер «Баррель» және «Болашақ» екі командасына бөлініп, компания қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған әзірленген жобаларды қорғауға кірісті. «Баррель» командасы сараптау комиссиясының сотына «СК редукторларынан майдың ағып кетуін тоқтату бойынша техникалық шешімдерді әзірлеу» жобасын, «Болашақ» командасы кенорындары бойынша «барлық СК – да (тербелетін станок) мұнай өндірудің оңтайлы режимі үшін жиілік түрлендіргішін орнату» жобасын ұсынды.

Екі жоба да «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылары мен тәжірибелі өндірушілер және энергетиктерден жасақталған сараптамалық комиссия мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Талқылау қорытындысының нәтижесінде сараптама комиссиясы екі жоба бойынша да оң қорытынды шығарды. Үздік технологиялық шешім және үздік оңтайландырылған шешім негізінде командаларға сертификаттар табыстады.

Жоба соңында әрбір қатысушыға «кәсіби шебер» модульдік бағдарламасынан сәтті өткені туралы сертификат табысталып, ең белсенді алты қатысушы жеке сертификатқа ие болды.

«Жетібаймұнайгаз» ӨБ №1 мұнай және газ өндіру цехының шебері Абай Таласбаевтың айтуынша, бұл модульдік оқыту бағдарламасы әрбір қызметкердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, компанияның дамуына айрықша әсер етеді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығына және барлық оқытушылар мен жаттықтырушыларға сапалы дәріс бергені үшін алғыс айтқым келеді, бізден кейін тәлім алатындардың барлығы да мол тәжірибе алады деп үміттенемін», – дейді «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ МГӨК-1 шебері Сағын Селбаев.

Осымен, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы үшін алғашқы «кәсіби шебер» модульдік оқыту жобасы сәтті аяқталды. Ал келер жылы компания 80-нен астам Қаламқас және Жетібай шеберлерін аталған бағдарлама аясында оқытуды көздеп отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: