Главная Новости Маңғыстаумұнайгаз қауіпсіз еңбек үздіктерін марапаттады
12 маусым 2024, 11:30 300

Маңғыстаумұнайгаз қауіпсіз еңбек үздіктерін марапаттады

Маңғыстаумұнайгаз қауіпсіз еңбек үздіктерін марапаттады

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы және Кәсіподақ комитеті төрағасының бірлескен өкімімен, 2024 жылдың 10 маусымында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған байқаудың қорытындысы жарияланып, арнайы құрылған комиссия еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шеберлер мен цехтарды марапаттады.

Атап айтқанда, комиссия мүшелері «Талаптарға сай нұсқамалар мен жұмысқа кірісер алдында оқытуды өткізуді» сапалы орындап, наряд-рұқсат беру мәселесінде жұмысты бұзуға жол бермеген, жұмыстың барлық түрлерінде қауіпсіз әдістерді пайдаланған цехтарға тоқталды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Марат Яшев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәди Кентанов және «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бастығының бірінші орынбасары Сағыныш Оразбаев қатысушыларға адал қызметі, қауіпсіз еңбегі үшін алғыстарын айтып, байқау жеңімпаздарының есімдерін жариялады.

Сонымен, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бойынша, 1-орын «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ қабат қысымын ұстау цехының шебері Төлеген Сардарбековке бұйырды, екінші орын «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ №3 мұнай және газ өндіру цехының шебері Серік Нұртаевқа берілсе, жүлделі үшінші орынды «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ технологиялық сұйықты дайындау цехының шебері Берекет Құлбатыров жеңіп алды. «Жетібаймұнайгаз» ӨБ бойынша, 1-орынды «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №1 мұнай және газ өндіру цехының шебері Қайрат Мұратов иеленсе, 2-орын газ дайындау, тасмалдау және газ шаруашылығын пайдалану цехының шебері Ұлықпан Бердыхожаевқа бұйырды. Жүлделі 3-орын пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау және жөндеу цехының шебері Бисенғали Ходжаевқа берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табысталып, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ қабат қысымын ұстау цехының басшылығына, сондай-ақ «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №1 мұнай және газ өндіру цехына ауыспалы «Үздік цех» кубогтары берілді.

Қаламқас пен Жетібайда өткен байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік сыйлықтармен қатар ақшалай сертификаттар табысталды.

Бүгінгі таңда Қаламқас және Жетібай кенорындарында 41 техникалық инспектор жұмыс істейді. Негізгі жұмыстан бөлек, техникалық инспекторлар еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтауды қадағалап отырады. Мұнайшылар алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың тұрақты түрде өтуіне тілектестік танытты.

Еңбекті қорғау мәдениетін жетілдіру, жұмыстағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу, қауіпсіздік техникасы қағидаларын мүлтіксіз сақтау «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы мен қызметкерлерінің басым міндеттерінің бірі болмақ.

М.Ш. Яшев,

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшысы

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: