Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің және Қазақстан мұнайының 125 жылдығы, Қаламқас кенорнының 45 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аяқталды.
Ақтау қаласындағы орталық аппарат ғимаратының алдында әдемі безендірілген киіз үйлер тігілді.
Іс-шараның ашылуында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев, Қоғам Басқармасының Экономикалық кеңесшісі Чэнь Цзунсян, Қоғамның кәсіподақ төрағасы Мәди Кентанов әріптестерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, бұл жыл мерейтойлар жылы екенін атап өтті – өңірде бірден бірнеше компаниялар мерейтойлық даталарды атап өтуде. Компания басшылығы Қоғам қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіріп, мұнайшылардың арқасында «Маңғыстаумұнайгаз» елдің өнеркәсібі мен экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

Мерекелік құттықтаулардан соң өндіріс үздіктерін марапаттауға кезек келді. Ведомстволық марапаттар, мерейтойлық медальдар, кеуде белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар – орталық аппараттың, сондай-ақ Қаламқас және Жетібай кен орындарының үздік қызметкерлеріне табысталды. Марапат алғандардың көпшілігі өздерінің мол тәжірибесін жаңа буын мұнайшыларға сәтті жеткізіп келеді, – ұрпақтар сабақтастығы – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек ұжымының бірлігін көрсететін белгі.
Әрі қарай салтанатты іс-шара Қазақстандық эстрада жұлдызы – Қуаныш Рахымның қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты.
Спорттық жарыстарды ұнататындар қол күресі, кір тасын көтеру және арқан тарту сияқты ойындарға қатысып, өз күштерін сынап көрді. Ең мықтылар мен ептілерге сыйлықтар мен естелік дипломдар табысталды.

Мерекелік бағдарламаның соңғы нүктесі облыстық музыкалық-драма театр сахнасында қойылған «Әз, әулие Қаламқас» спектаклі болды. Қойылым Қаламқас есімді жауынгер қыздың қысқа, бірақ жарқын өмірі туралы баяндайды, оның құрметіне кен орны аталған. Айта кетерлік жайт, спектакльдегі барлық рөлдерді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері сомдады.
Қазақстан мұнайы 125 жылдығы мен Қаламқас кен орнының 45 жылдығына арналған барлық мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтті және мерекенің басты кейіпкерлері – компанияның болашағын құратын жандар, яғни жанқиярлық еңбегімен үлес қосатын адамдар болды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
135
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»