Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері «Дүниежүзілік тазалық күніне» арналған қоршаған ортаны қорғау акциясы аясында Ақтау жағалауының аумағын қоқыстардан тазарту мақсатында сенбілікке шықты.
Жұмыс құралдарымен жарақталған 100-ден астам мұнайшы қаланың жағалау аймағын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бірнеше сағаттың ішінде мұнайшылар аумақты толығымен тазалап, қоқыстарды жинап шығарды.

«Ақтау – біздің ортақ үйіміз, біз оған үлкен қамқорлықпен қарауымыз керек», – дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ӘҚД жетекші инженері Нұрлан Теңізбаев. – Сондықтан қаланы күтіп, таза, ұқыпты ұстауымыз керек. Ал сенбіліктер болса біздің, қала тазалығын сақтауға тамаша мүмкіндік беретін, игі дәстүріміз.
Сенбілік соңында компания қызметкерлері тағы бір тамаша шараға – спорттық жарысқа қатысты. Қызметкерлерді ортақ игілікке жұмылдыру - ұжымды біріктірудің керемет амалдарының бірі екені баршаға мәлім. Сенбілік те, спорттық ойындар да ұжымның ынтымағы мен корпоративтік рухын көтерудің және команданы біріктірудің тамаша тәсілі болып табылады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
57
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
62
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы