Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының арасында алғашқылардың бірі болып қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін іске қосты. Аталмыш жүйенің кешенді жабдығы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының газтурбиналық электр станциясында орнатылып, сынақтан сәтті өтті.
Датчиктер тікелей ГТЭС газ шығарушы құбырларына орнатылған, олар барлық жиналған ақпаратты ақпараттық өлшеу жүйесіне береді. Ақпараттық өлшеу жүйесінде жиналған ластаушы заттар шығарындыларының нәтижелері туралы деректер SCADA жүйесіне жіберіледі. Бұл жүйе есептілікті ҚР Экология және табиғи ресурстары министрлігіне беру мақсатында әрбір 20 минутта орташа деректерді қалыптастырады. Жинақталған ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 5 жыл. Онлайн режимінде алынған деректер қондырғылардың жұмыс режимін реттеуге және олардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.
«Мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің көмегімен біз шығатын газдардағы азот оксиді мен диоксидінің, көміртегі оксидінің, метан құрамын нақты уақыт режимінде бақылай аламыз, сондай-ақ, температураны, қысымды және салыстырмалы ылғалдылығын өлшейміз», – дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және байланыс департаменті директорының міндетін атқарушы Ринат Ибрашев.
Қазіргі уақытта барлық ақпарат әзірге объектінің операторына ғана келіп түсуде, жақын арада Мониторингінің автоматтандырылған жүйесі «Бірегей экологиялық портал» ақпараттық жүйесімен біріктірілетін болады, содан кейін деректер нақты уақыт режимінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қолжетімді болмақ.

Осындай бірегей жүйелерді іске қосу – бұл кәсіпорындарды жаңғыртудың маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар экологиялық тиімділікті арттыру және ашықтық үшін маңызды қадам.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экология мәселелеріне айрықша көңіл бөледі, себебі бұл халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Цифрландыру арқылы қоршаған ортаны қорғау бағытындағы үдерістерді үнемі жақсарту – ҚМГ компаниялары тобының экология саясаты аясындағы міндеттерінің бірі.
83
23 апреля 20:07
Как «Самрук-Қазына» привлекает финансирование: новые рынки, валюты и баланс рисков
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
110
21 апреля 16:30
Қарағандылық теміржолшы әлемдік ареналарға жол тартты