Главная Новости Маңғыстаумұнайгаз топырақты өңдеу тәсілдерін таныстырды
08 қыркүйек 2023, 09:21 1508

Маңғыстаумұнайгаз топырақты өңдеу тәсілдерін таныстырды

Маңғыстаумұнайгаз топырақты өңдеу тәсілдерін таныстырды

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның міндеттерінің бірі – өңір жұртшылығы мен қоғамды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі жұмыс туралы хабардар ету.

Осы мақсатта «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ластанған аумақтарды тазарту жұмыстарын кеңірек көрсету үшін баспасөз турын ұйымдастырды. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Экология министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында «тарихи» ластанған аумақтарды тазарту, жою және рекультивациялау бойынша меморандумға қол қойылды. Баспасөз турына жергілікті және республикалық БАҚ журналистері, мемлекеттік органдардың өкілдері, Маңғыстау облысының экология департаментінің басшылығы қатысты. Баспасөз туры барысында қатысушыларға рекультивацияға арналған топырақты өңдеудің толық процесі, сондай-ақ осы процесте қолданылатын технологиялар мен жабдықтар көрнекі түрде көрсетілді.

«Біздің компания жариялылыққа ұмтылады және сіз өз көзіңізбен ластанған аумақтарды тазарту мен қайта өңдеудің барлық процесін, сондай-ақ техникалық рекультивация жүргізілгеннен кейін қайта өңделген топырақты пайдалану процесін көре аласыз. Мердігердің өз бастамасы бойынша тазартылған және қалпына келтірілген аумақтарда жасыл желектер отырғызылады. Жалпы, болашақта біздің компания өз кенорындарында жасыл оазис құруды мақсат етеді», – деп атап өтті журналистерге берген сұхбатында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на ашықтығы үшін алғыс айтып, компанияның баспасөз турын екінші рет өткізіп отырғанын атап өтті.

«Бірінші баспасөз туры кезінде 2021 жылы мұнай қалдықтары бар 10 полигонды тазарту және жою жұмыстары көрсетілді, Осы баспасөз туры барысында меморандумды орындау бойынша жұмыстар көрсетілді. Компания экология саласындағы өз көрсеткіштерін әрқашан мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың алдында белсенді түрде ашық жариялайды. Маңғыстау облысының экология департаменті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы мен экологтардың жұмыс нәтижелеріне жоғары баға беріп отыр, компанияға қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауды және осындай екпінмен жұмысын жалғастыра беруіне тілектестігімді білдіремін», – деді Руслан Төкенов.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына ашықтығы үшін, БАҚ-ты өз жұмысын көрсетуге шақырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деді «Еуразия» республикалық телеарнасының Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі Нұрбол Окуов. – Журналистердің өз көздерімен ластанған аумақтарды тазарту бойынша жұмыс процесін көріп, халыққа жеткізуі өте маңызды. Бүгін оған біздің көзіміз жетті, сондықтан компанияға тағы да алғысымызды білдіреміз, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бастамасына басқа да ірі ұйымдар да қосылады деп үміттенеміз».

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: