Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында еңбек ұжымын табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл ережелерімен таныстыру жұмыстары басталды.
Осыған байланысты ҚжЕҚ, ҚОҚД азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар тобының мамандары қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі қажетті шаралар туралы толық нұсқаулықтарды қамтитын бейне нұсқама әзірледі.
«Қазіргі уақытта біздің мамандар Қаламқас және Жетібай кен орындарындағы цехтарда, учаскелерде мұнайшылармен кездесулер өткізіп, бейнероликтің көмегімен әріптестеріне төтенше жағдайдың туындауын болдырмауға мүмкіндік беретін профилактикалық және өзге де іс-шаралар туралы айтып жатыр, – деді ҚжЕҚ, ҚОҚД азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай тобының жетекшісі Азамат Якиев. – Әдетте табиғи төтенше жағдайларға табиғи апаттар (су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.), техногендік жағдайларға жарылыстар, апаттар жатады. Біз кез келген төтенше жағдайға дайын болуымыз керек. Біздің басты міндетіміз – ТЖ-ға жол бермеу, штаттан тыс жағдайдың туындауын болдырмауға мүмкіндік беретін алдын алу және алдын алу шараларын қабылдау».
Өткен жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ нысандарында табиғи немесе техногендік апаттың бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ, ҚжЕҚ, ҚОҚД АҚжТЖ мамандары 2023 жылы да барлық ұжымның үйлесімді және сауатты әрекеттері төтенше жағдайлардың туындауына жол бермейді деп үміттенеді, өйткені қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі – бұл компанияның өндірістік қызметінің басты басымдығы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
135
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»