Главная Новости «Маңғыстаумұнайгазда» – жаңа тағайындау
17 тамыз 2022, 08:23 821

«Маңғыстаумұнайгазда» – жаңа тағайындау

«Маңғыстаумұнайгазда» – жаңа тағайындау

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Ермек Сүесінұлы Көптлеев тағайындалды.

Ермек Көптлеев 1987 жылы 29 тамызда туған.

2008 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген. 2014-2016 жылдары Венгрия еліндегі Мишкольцск институтында «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша магистратурада оқыған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Өзенмұнайгаз» ӨФ қарасты №2 мұнай және газ өндіру басқармасының қабат қысымын ұстау цехында 3-дәределі мұнай өндіру жөніндегі оператор болып бастаған. Кейін инженер-геологтың міндетін атқарушы, аға-геологтың міндетін атқарушы, ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу департаментінің инженері болып қызмет еткен.

  • 2013-2019 жылдары – «Өзенмұнайгаз» АҚ персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры.
  • 2019-2021 жылдары – «Өзенмұнайгаз» АҚ персоналды басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директор.
  • 2022 жылдың қаңтар айынан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының адам ресурстарын басқару жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.

Адал еңбегі мен компанияның дамуына қосқан зор үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен, «Өзенмұнайгаз» АҚ алғыс хаттарымен марапатталған.

«Өндірістегі модернизация» жобасы бойынша Көкшетау қаласында өткен жас мамандар арасындағы конкурстың жеңімпазы.

Үйленген, үш баласы бар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: