Главная Новости Маңғыстаумұнайгазда амал мерекесі басталды
14 наурыз 2023, 11:40 726

Маңғыстаумұнайгазда амал мерекесі басталды

Маңғыстаумұнайгазда амал мерекесі басталды

«Бір күн дәмдеске қырық күн сәлем», «Бір қазаннан дәм татқан – бір туғаннан несі кем?», «Қазаны біргенің амалы бірге»... Сол секілді татулық пен бірлікке, құт-береке, тоқшылыққа, жасампаздық пен жан тазалығына үндейтін ұлттың ұлы мейрамы әне-міне дегенше келіп жетті.

Амал мерекесін «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының ұжымы бүткіл сән-салтанатымен қарсы алды. Таңның атысы кең ғимараттың фойесі ақжарма тілек, ыстық-ықыласқа толды. Көл көсір дәмді ырыс үзілмегей деген ырыммен жайып тастаған дастарханды әсем қыз-келіншектердің қабағына қарап тойғандайсың. Бүрмелі көйлек, оюлы қамзолын киіп, шашақты орамалын әдемілеп салған арулардан көз сүрінеді.

Кимешек киген әріптестер ұлттың ұлы киімін жаңғыртып атаулы мерекенің сәнін келтірді. Барлығы өткен жылдағы өкпе-реніштерін ұмытып, мәре-сәре. «Жаңа жылыңмен» деген жадыраңқы жүз. Ағыл-тегіл, көл-көсір қуаныш. Бір бірімен қол қауыштырып, құшақ жайысқан әріптестер сағат 8.30-да аса ұйымдасқан түрде ғимараттың кең фойесін толтырды.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Басқарма мүшелері Мұрат Мұстафаев, Сюй Шиго және «Жетібаймұнайгаз» ӨБ Кәсіподақ ұйымының төрағасы Бекес Құлмұрынов жиналған жұртшылықпен көрісіп, ұжымды амал мерекесімен құттықтады:

«Құрметті әріптестер! Барлықтарыңызды келіп жеткен Амал мерекесімен құттықтаймын. Халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Амал мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін, амалдан амалға аман жетейік».

Дәл осындай Амал мерекесін Қаламқас пен Жетібай мұнайшылары кең көлемде атап өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: