Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында үш жыл мерзімге арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. Маңызды құжатты жұмыс беруші тарапынан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев, Бас директордың бірінші орынбасары Сюй Шиго және қызметкерлердің мүдделерін білдірген Қоғамның кәсіби комитетінің төрағасы Мәди Кентанов қолдарын қойды.
Жаңа Ұжымдық шартқа қол қою – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек ұжымының өміріндегі маңызды оқиға. Қол қою алдында жаңа Ұжымдық шарттың жобасы компанияның еңбек ұжымдарында – цехтарында, учаскелерінде, бөлімдерінде кеңінен талқыланған болатын. Ұжымдық шарттың жаңа редакциясын әзірлеу бірнеше ай бойы жүргізілді және сындарлы диалог нәтижесінде тараптар барлық негізгі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізді.
Жалпы алғанда, құжаттың бұрын қолданыста болған редакциясын пысықтау бойынша 33 ұсыныс келіп түсті, оның ішінде 25 ұсыныс (75%) қанағаттандырылды. Ұжымдық шарттың сегіз тармағы өзгеріссіз қалды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы мен Қоғамның кәсіптік комитетінің төрағасы еңбек ұжымын маңызды құжатқа қол қойылуымен жылы құттықтап, келіссөзге қатысушылардың барлығына сындарлы ұсыныстары мен өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа ұмтылыстары үшін алғыстарын білдірді.
«Жаңа Ұжымдық шарт Компанияда бар барлық әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердіі сақтап қалды, соған қоса кейбір әлеуметтік жағдайларды күшейтіп өсірді, – деп атап өтті Мұрат Мұстафаев. – Ұжымдық шартта көрсетілген әлеуметтік пакет жақсартылған, ол қызметкерлерге де, компанияға да ертеңгі күнге деген сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Мен әріптестерімді осы құжатқа қол қойылуымен шын жүректен құттықтаймын, ұжымның ішінде келісім мен ынтымақтың болуы өте маңызды, себебі бұл бізге болашақта кез келген, тіпті ең күрделі міндеттерді шешуге оң ықпалын тигізетіні сөзсіз».
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
120
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»