Главная Новости Маңғыстаумұнайгазда жаңа ұжымдық шартты әзірлеу басталды
03 қараша 2022, 10:25 1027

Маңғыстаумұнайгазда жаңа ұжымдық шартты әзірлеу басталды

Маңғыстаумұнайгазда жаңа ұжымдық шартты әзірлеу басталды

Шарт жобасын жасақтау бойынша құрылған комиссияның алғашқы отырысы болды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қабырғасында жұмыс беруші мен жұмысшылар өкілдері арасында 2020-2022 жылдарға арнап жасақталған ұжымдық шарт мерзімінің аяқталуына байланысты 2023-2025 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт жобасын талқылау жөніндегі жұмыс комиссиясының алғашқы отырысы өтті.

Ұжымдық шарт ұйымдағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жұмысшылар өкілдері мен жұмыс беруші арасында жасалған жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт болып табылады.

Алғашқы отырыс барысында тараптар Комиссия мүшелерін таныстырып, олардың жұмыс жасау ретін талқылады. Сондай-ақ, осы отырыста Комиссия төрағасы мен төраға орынбасары, Комиссия хатшысы сайланды. Алдағы уақытта тараптар ұсыныстарын ортаға салып, өзара талқылау жұмыстарын жүргізеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: