Главная Новости Маңғыстаумұнайгазда жастармен келелі кездесу өтті
26 желтоқсан 2022, 08:40 898

Маңғыстаумұнайгазда жастармен келелі кездесу өтті

Маңғыстаумұнайгазда жастармен келелі кездесу өтті

Компанияның 35 жасқа дейінгі 100 астам жас маманының қатысуымен жастар форумы өтті. Жас мамандар алдымен Бас директормен кездесіп, ашық сұхбат құрды.

Еркін форматта пікір алмасу үрдісінде ұйымдастырылған кездесуге мұнайшы жастар, компанияның құрылымдық бөлімшелерінде қызмет істейтін жас мамандар және Компания бас директорының орынбасарлары қатысты.

Кездесуде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов жастарға компания тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол білікті жастарды қолдауға бағытталған бағдарламаларға тоқталды. Жас мамандарды білім жетілдіріп, кәсіп игеруді мақсат етіп қоюға шақырды.

«Қазіргі уақытта жастардың білім-ғылымға жақын болғаны жөн. Қоғамды алға сүйрейтін, өркениетке жеткізетін жаңа ғылыми технологиялар және осыны игерген буын деп есептеймін. Біздің компания қызметкерлері үшін ағылшын тілін қарқынды оқытуды қолға алдық. Кәсіби бағытқа қарай шеберлерді оқыттық. Кайдзен бағытында, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында оқуларды жалғастырамыз. Компания ішінде өзіміздің ішкі тренерлерімізді дайындап жатырмыз. Өзін-өзі дамыту компаниямыз үшін өте пайдалы іс. Қазір ғылымның сан-саласы дамып келеді, адамзат қоғамы біртіндеп жасыл энергетикаға ден қойды. Дегенмен, алдағы уақытта да өндірістің өзектілігі жойылады деп ойламаймын.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – Қазақстандағы ең ірі мұнай компанияларының бірі. Алға қойған өндірістік мақсаттарымызға сенімді түрде қол жеткізіп келеміз. Компанияның өндірістік әлеуеті жақсы. Ал өндірісті өрлететін білікті маман, өз ісінің нағыз шеберлері екені белгілі. Сондықтан компаниямыздың әрбір қызметкері, әр жас маманы білімді, жан-жақты болғаны жөн. Бұл компанияның да, заманның да талабы десек болады», – деді Дәулетжан Хасанов.

Жиынға қатысушы жастар көкейде жүрген сауалдарын қойып, компания басшысымен еркін пікір алмасып, компания әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстарын жеткізді. Дәулетжан Хасанов жастардың ұсыныстарын тыңдап, алған білімдері мен күш-жігерлерін компанияның дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестік білдірді.

Жастар форумының екінші бөлігі тартысты тимбилдингпен жалғасты. Жас мұнайшылар өзара «Jas Energy», «ЖасStar», «Brent$», «Баррель» атауларымен командаларға бөлініп, тартысты сайыстарға қатысты. Тимбилдинг конкурстарын өлкемізге танымал «Play creative agency» ұжымы ұйымдастырды. Конкурстардың барлығы бірлікте әрекет істеуге, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған. Жеңіске жету үшін команда болып жұмыс істеп, шешім шығара білу ерекше маңызды. Мұндағы мақсат – компания жастарының ауызбіршілігін арттырып, қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Тимбилдинг барысында командаларға өз логотиптері мен девиздерін ойластыруға тапсырмалар берілді. Сондай-ақ логикаға, креативті ойлауға мән берілетін ойындар өтті.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорымен компанияның жас мамандарының кездесуі әсерлі өтті. Кездесуде компания басшысының өмірбаянымен, қызмет жолымен жақынырақ таныстық. Жастар өз кезегінде сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Мұндай форматтағы кездесу біздің компаниямызда алғаш рет ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Тимбилдинг жас мамандарды креативті ойлауға, ұжым болып жұмыс істеуге, шешім шығара білуге үйретеді. Біздің компаниямызда қарапайым слесарь, оператордан бастап Бас директордың орынбасары, департамент директоры, мәслихат депутаты лауазымында жүрген жас азаматтар бар. Бұл да болса жастардың жан-жақты, өте белсенді екенін байқатады», – дейді Адам ресурстарын басқару департаментінің мердігер мекемелермен қарым-қатынас бөлімінің инженері Салих Адай.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: