Главная Новости «Маңғыстаумұнайгазда» кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланды
28 маусым 2021, 08:00 1608

«Маңғыстаумұнайгазда» кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланды

«Маңғыстаумұнайгазда» кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы сайланды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына 64 делегаттан 54 делегат қатысты.

Алдымен делегаттар кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы есеппен танысты, содан кейін екі кандидатураның ішінен балама негізде кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын сайлау өтті.

Көпшілік дауыспен Мәди Нұрғалиұлы Кентанов «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы болып сайланды.

Мәди Кентанов 1973 жылы Маңғыстау облысы Шебір ауылында дүниеге келген. 2007 жылы «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ ҒЗжӨЖЦ ұңғымаларды зерттеу операторлығынан бастады. Әр жылдары «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ МГӨЦ-1-де оператор, шебер, инженер, бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді. 2012 жылдан 2018 жылға дейін «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ МГӨЦ-4 бастығы, 2018 жылдан 2021 жылға дейін «Жетібаймұнайгаз» ӨБ ҚҚҰЦ бастығы болып қызмет атқарды.

2021 жылдың 16 маусымынан бастап – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік департаменті Өндірістік-техникалық бөлімінің Мұнай және газ өндіру жөніндегі жетекші инженері.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары – «Қазақстан мұнай-газ кешені салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев және конференция делегаттары Мәди Кентановты кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтап, оған табыс және жемісті жұмыс тіледі.

Сұлтан Қалиев пен конференцияға қатысушылар бұдан бұрын кәсіподақ комитетін басқарған Тарген Нұралыұлы Мысамбаевқа атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, ұзақ әрі мінсіз еңбегі үшін зор ризашылықтарын білдірді, оған амандық пен табыс тіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: