Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ комплаенс қызметінің бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын түсіндіру мақсатында кеңес өтті, сондай-ақ кездесуге қатысушылар Комплаенс қызметінің жұмыс аспектілерін, қалыптастыру мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және тағы басқаны талқылады. Кеңеске «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның басшы қызметкерлері қатысты.
Кеңесті ашқан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға мүмкіндік беретін және бизнесті жүргізудің тазалығы мен ашықтығының көрсеткіші болып табылатын мәдениеттің комплаенсін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Мұрат Мұстафаев сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерін жою қажеттігін ерекше атап өтті, Бұған ҚР Президенті бірнеше мәрте тоқталып, оған қарсы күресті мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымды бағыты деп атады.
Бүгінгі таңда заңнамалық деңгейде квазимемлекеттік компаниялардың қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғаларға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға елеулі өзгерістер қабылданды, олардың қатарына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның барлық басқару құрамы жатады.

Өз кезегінде Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Біржан Хайруллин жиналғандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жаңғырту тарихы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының қазіргі жүйесі туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол заңнамалық деңгейде квазимемлекеттік компанияларға олардың құрылымында компанияның Басқарушы органына (Директорлар кеңесіне немесе Байқау кеңесіне) тікелей бағынатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің функцияларын атқаратын бөлімшенің болуы туралы талап қабылданғанын хабарлады.
Біржан Хайруллин сөз сөйлеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қатысты мәселелерге назар аударды: егер мұндай ic-әрекеттер адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса, оларды ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттер (әрекетсіздік) үшін материалдық сыйақылар, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдауға тыйым салу туралы, жақын туыстарының, ерлі-зайыптыларының және жекжаттарының бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу туралы, сондай-ақ сыйлықтар бергені және оларға сәйкес сыйлықтар алғаны үшін қазіргі жауаптылығы туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес түсіндірме беріді.

Сонымен қатар, Біржан Хайруллин өз баяндамасында көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесінің негізгі элементі ретінде жалпыға бірдей декларациялауға ерекше назар аударды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталғаны және оған кірген тұлғалар, ал бұл квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынуға міндетті екендігі хабарланды. Бұдан басқа, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің ерлі-зайыптылары да міндетті декларациялауға жатады. Бірінші жылы салық төлеушілер 250 «кіріс декларациясы» нысанының декларациясын толтырады, кейінгі жылдары салық төлеушілер 270 «жыл сайынғы декларация» нысаны бойынша декларацияны табыс етуге тиіс. Декларацияны ұсынбағаны үшін жауапкершілік әрбір қызметкерге (яғни Қоғамның әрбір қызметкеріне) жүктеледі.
Кездесу барысында қатысушылар белсенді пікір алмасып, Қоғам қызметкерлерінің сыйлықтар сыйлауына, қайырымдылық мақсаттарына ақшалай қаражат жинауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке және т.б. қатысты сұрақтар қойды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері барлық сұрақтарға толық жауап берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
208
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи