Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орай Қоғамның кәсіподақ комитеті ұйымдастырған спорттық жарыстар аяқталды.
Волейбол, шағын футбол және үстел теннисінен жарыстар екі апта бойы өткізілді. Ақтық сайысқа ҚМГ ӨБ, ЖМГ ӨБ және орталық аппарат командалары арасында іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Волейбол турнирінде «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ ҚҚҰЦ командасы жеңіске жетті, екінші орынды орталық аппарат командасы, үшінші орынды «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 1-МГӨЦ спортшылары иеленді.

Волейбол турнирінің үздік шабуылшысы ретінде Н.Оразбаев (ЖМГ ӨБ 1-МГӨЦ операторы), Г.Бижанова (ҰБжКЖД) үздік либеро, А.Надиров (ҚМГ ӨБ ҚҚҰЦ шебері) танылды.
Шағын футболдан ЖМГ ӨБ 1-МГӨЦ командасы жеңімпаз атанды, ҚМГ ӨБ ҚБА мұнайшылары күміс медальге ие болды, орталық аппарат қызметкерлері жүлделі үштікті жапты.

Шағын футболдан турнирдің үздік шабуылшысы ретінде С.Тілегенов (ҚМГ ӨБ ҚБА), Т.Ахтанбаев (көлік департаменті, орталық аппарат), Н.Қоңырбаев (ЖМГ ӨБ 1-МГӨЦ операторы) танылды.
Ерлер арасындағы үстел теннисінен турнирде С.Тілегенов (ҚМГ ӨБ ҚБА) чемпион атанды, екінші орынды А.Панакулов (ЖМГ ӨБ мехцехының слесарь-жөндеушісі), қола медальды Е.Абулхаиров (ҚМГ ӨБ 1-МГӨЦ операторы) жеңіп алды. Әйелдер арасында үздік теннисші болып Г.Сабалакова (орталық аппарат ҚБА) атанды, екінші орын А.Баспаеваның (ҚМГ ӨБ шаруашылық меңгерушісі ) еншісіне тиді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қоғамның кәсіодақ комитеті атынан ақшалай сыйлықтар, дипломдар мен кубоктар табысталды.
83
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
133
11 марта 17:40
Будущее энергетики Казахстана: технология чистого угля, ВИЭ и новые проекты
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
122
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету