Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауының ІІ кезеңі аяқталды. Бұл жолы Жетібай кен орнында өткен байқауға бірінші кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармаларының 42 қызметкері қатысты.
Мұнай және газ өндіру жөніндегі операторлар, слесарь-жөндеушілер, қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі операторлар, электр газбен дәнекерлеушілер, тауар операторлары, ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторлар және химиялық талдау зертханашылары үздіктердің үздігі құрметті атағын алу үшін асқан табандылықпен күресті.
Дәстүр бойынша байқау тәжірибелік және теориялық болып екіге бөлінді. Тәжірибелік бөлім барысында әрбір қатысушы қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, өз тапсырмасын сапалы әрі жедел орындауға тиіс болды, тіпті жұмыс орнының мәдениеті де бағаланды.
Теориялық бөлім барысында байқауға қатысушылар бір сағат ішінде 50 сұраққа дұрыс жауап беруі тиіс болатын.
Барлық нәтижелер тексеріліп, есептелгеннен кейін конкурстың соңғы қорытындылары шығарылды. «Жетібаймұнайгаз» ӨБ басшылығы мен кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ өкілдері байқауға қатысушыларды жылы құттықтап, жаңа еңбек жеңістерін тіледі, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Төртінші орын алған қатысушылар да назардан тыс қалмады, оларға Қоғамның кәсіодақ комитеті көтермелеу сыйлықтарын дайындап қойды. Сонымен қатар, персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаменті өкілдері комиссия мүшелеріне, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге үлкен көмек көрсеткен қызметкерлерге бағалы сыйлықтар табыстады.
Айта кету керек байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жалақыға айтарлықтай жылдық үстеме алды, оның үстіне "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жұмысшылары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында өтетін "Үздік маман" кәсіби байқауына қатысуға мүмкіндік беретін жолдамаларды иеленді.
Мұнай және газ өндіру жөніндегі үздік оператор:
1 орын – Оразалиев Ерлан Құлымгерейұлы, 3-МГӨЦ, «ЖМГ» ӨБ
2 орын – Сәрсенбаев Фархад Дәуірханұлы, 3-МГӨЦ, «ҚМГ» ӨБ
3 орын – Кушаханов Асқарбек Қуанышқалиұлы, 3-МГӨЦ, «ЖМГ» ӨБ
Үздік жөндеуші слесарь:
1 орын – Бижанов Абдол Түрдымұратұлы, 1-МГӨЦ, «ЖМГ» ӨБ
2 орын – Оңғалиев Кенжебек Мырзабекұлы, 1-МГӨЦ, «ЖМГ» ӨБ
3 орын – Нагибаев Бақтыбай Сейтжанұлы, 1-МГӨЦ, «ҚМГ» ӨБ
Үздік тауар операторы:
1 орын – Әлібаев Нұрлан Бақытұлы, МДӨЦ, «ЖМГ» ӨБ
2 орын – Адай Зәкәрия Ахметұлы, МДӨЦ, «ЖМГ» ӨБ
3 орын – Кульчаров Тұрсынбек Сұлтанұлы, МДӨЦ, «ЖМГ» ӨБ
Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі үздік оператор:
1 орын – Журумбаев Айбек Әділханұлы, ҒҚАЖӨжЦ, «ҚМГ» ӨБ
2 орын – Қазиев Асхат Ақбергенұлы, ҒҚАЖӨжЦ, «ЖМГ» ӨБ
3 орын – Базарбаев Арман Есениязұлы, ҒҚАЖӨжЦ, «ҚМГ» ӨБ
Қабат қысымын ұстап тұру бойынша үздік оператор:
1 орын – Қалмағамбетов Айболат Айтбайұлы, ҚҚҰЦ, «ҚМГ» ӨБ
2 орын – Тулеубеуов Аманбек Өмірбекұлы, ҚҚҰЦ, «ҚМГ» ӨБ
3 орын – Алдабергенов Қуандық Жарасұлы, ҚҚҰЦ, «ЖМГ» ӨБ
Химиялық талдаудың үздік зертханашысы:
1 орын – Әділов Жолдас Смағзамұлы, ҒҚАЖӨжЦ, «ҚМГ» ӨБ
2 орын – Қошқарова Алмагүл Оразбайқызы, ҒҚАЖӨжЦ, «ҚМГ» ӨБ
3 орын – Дүйімбаева Күләш Сайлаубайқызы, ҒҚАЖӨжЦ, «ҚМГ» ӨБ
Үздік электр газбен дәнекерлеуші:
1 орын – Өтеев Руслан Жұмабайұлы, 2-МГӨЦ, «ЖМГ» ӨБ
2 орын – Балғазиев Әнуәрбек Бекібайұлы, ПЖПЖЦ, «ЖМГ» ӨБ
3 орын – Насиханов Нұрлан Қаhарманұлы, 3-МГӨЦ, «ҚМГ» ӨБ