Главная Новости Марат Қарабаев APM Terminals Poti бас директорымен Транскаспий дәлізін дамыту барысын талқылады
10 қазан 2024, 09:19 403

Марат Қарабаев APM Terminals Poti бас директорымен Транскаспий дәлізін дамыту барысын талқылады

Марат Қарабаев APM Terminals Poti бас директорымен Транскаспий дәлізін дамыту барысын талқылады

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің ғимаратында Марат Қарабаев пен APM Terminals Poti бас директоры Кристиан Рёдер арасында кездесу өтті.

Кездесудің басты тақырыбы жүк тасымалы көлемін арттыру және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) аясында көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері болды.

«Министр 2024 жылдың 9 айында орта дәліз арқылы жүк тасымалы көлемі 70%-ға ұлғайып, 3,4 млн тоннаға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, 2024 жылдың 8 айында контейнерлік тасымал көлемі 34,6 мың ДФЭ-ге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (12,6 мың. ДФЭ) үш есе өскенін айтты. Қытайдан келетін контейнерлер транзиті 20 есе өсті», - делінген Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

«APM Terminals Poti | Poti Sea Port Corporation» корпорациясы Грузияның Поти қаласында орналасқан және Қара теңіз жағалауындағы маңызды көлік торабы болып табылады. Компанияның басты мақсаты – жеткізу/тасымалдау тізбегінің тиімділігін арттыру.  

Тараптар Қазақстан мен APM Terminals арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Транскаспий бағыты арқылы контейнерлік тасымалдың өсуін қамтамасыз етуге келісті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: