Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлттық пошта операторы шетелдік және отандық электрондық сауда алаңдарымен серіктестікті белсенді дамытуда. Қазақстандықтар үшін Ozon интернет-дүкеніне берген тапсырыстарын өздеріне ыңғайлы пошта бөлімшелерінен алуға мүмкіндік бар. Қазпошта маркетплейспен еліміздің аумағына интернет-тапсырыстарды жеткізу бағытында келісімге қол қойды.
Тараптардың келісіміне сәйкес, Ozon өз клиенттерінің тапсырыстарын Ресейден Қазпоштаның сұрыптау орталықтарына жеткізеді. Содан кейін Қазпошта сәлемдемелерді еліміздің қалалары мен ауылдарына жолдайды. Олар Қазақстанның аумағындағы 2 мың пошта бөлімшесі арқылы беріледі. Ыңғайлы пошта бөлімшесін клиенттің өзі тапсырыс беру барысында таңдай алады.
«Біз үрдістердің, жалпы әлемдегі өзгерістерді және клиенттердің сұранысын ескереміз. Пандемия бұрын басталған процестерді дамыта түсті. Мәселен, электрондық коммерция мен онлайн-сервистердің белсенділігі бірнеше есе өсті. Бұл бағытта инфрақұрылымы кең және қалыптасқан логистикалық тізбегі бар Қазпошта белсенді дамып келеді. Электрондық коммерцияны дамыту және клиенттерімізге қолайлы жағдай жасау мақсатында біз отандық және шетелдік электрондық сауда алаңдарымен әріптестік орнаттық. Ірі маркетплейстердің біріне айналған компаниямен де серіктестігіміз жемісті болатынына сенеміз», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.
Қазпошта дәстүрлі қызметтер тізімін сақтай отырып, сұранысқа ие жаңа сервистерді енгізуде. Оның ішінде компания электрондық сауданы дамыту бағытында қазақстандық интернет дүкендерге Өзбекстанға шоғырландырылған пошта жөнелтілімдерін жеткізуді, жүк тасымалдауды, фулфилмент-орталықтар қызметтерін алға тартса, ал сатып алушыларға кэшбэк-сервистер және Post.kz сайтындағы «маркетплейстер витринасы» арқылы тиімді онлайн-сатып алуды және тапсырыстарды еліміздің ең шалғай ауылдарына жеткізуді ұсынады.
«Қазпоштамен ынтымақтастық бізге бүкіл ел бойынша клиенттер үшін жеткізу шарттарын жылдам жақсартуға мүмкіндік береді. Енді республиканың ең шалғай өңірлеріндегі клиенттер Ozon-дағы тапсырыстарын үйіне жақын жерден алады. Логистиканы одан әрі дамыту бізге Ozon-дағы миллиондаған тауарды Қазақстанға жеткізу мерзімін бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік береді», – деді Ozon Халықаралық бизнес директоры Степан Гусамов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
80
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
87
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы