Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биыл цифрлық майнингтен бюджетке 652 млн теңге түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Цифрлық майнингті саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады және қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін төлемақы алынады. Цифрлық майнинг үшін төлемақы еліміздің 12 аумағының төлеушілерінен түскен. Ең көп төлем Нұр-Сұлтан қаласынан түскен және бюджетке 277,3 млн теңге төленген. Одан кейінгі орындарда БҚО, Ақтөбе облыстары тұр. Аталған облыстар тиісінше 143,1 млн және 48,9 млн теңгеден қаражат төлеген», – делінген хабарламада.
Комитеттің хабарлауынша, аталған төлемақы республикалық бюджетке түседі. Айта кетерлігі, Салық кодексінде цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру көзделмеген. Төлемақы сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде есептеледі.
«Қазіргі уақытта ҚР Парламентінде цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасын ұлғайтуды көздейтін заң жобасы қарастырылуды», – деп толықтырды комитет өкілдері.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!