Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жуырда байтақ елімізді аралап жүрген «Саламатты Қазақстан» пойызы Абай облысындағы сапарын тәмамдады.Тамыздың 24 күні басталған әлеуметтік пойыздың жұмысы Семей ЖТ бөлімшесіндегі он шақты станцияға аялдап, алыс жақын елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетті.
Ақжолтай пойыз Шығыс Қазақстан мен Абай облысының шалғай ауылдары мен станциялар тұрғындарына биыл да зор жәрдем көрсетті. Облыстағы сапарын Дегелең станциясынан бастап, екі күн бойы жұмыс жүргізген пойыз әрі қарай Ауыл, Белағаш, Алтай, Бұқтырма, Күмістау, Таусамалы сынды елдімекен халқын қуантты. Өткен апта облыс орталығынан жырақта жатқан Жарма, Үшбиік және Таңсық станцияларында да аялдады.
Емхана-пойыздың қабылдау уақыты бір сағат түскі үзіліспен сағат 09:00-18:00 аралығында жүргізілді. Азаматтар үшін өздерімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті. Дәрігерлер әсіресе Үшбиік станциясында келушілер саны мол болғанын айтады. Жергілікті тұрғындар терапевт, хирург, педиатр, психолог, кардиолог, стоматолог және басқа да 40-тан астам маманның тегін медициналық қызметіне жүгінген.
Сол тәрізді бұл әлеуметтік жоба денсаулықты нығайтуды ғана емес, құқықтық және психологиялық қолдауды да қамтиды. Пойыз құрамындағы құқықтық және медиативтік қолдау көрсететін заңгерлер мен медиаторлардың да қызметін пайдаланушылар қатары көп болған. Жалпы, ауылдағы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейтін жоба аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, көп балалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балалары бар әйелдер мен мүгедектерге заң тұрғысынан да көмек берілді. Мысалы, Үшбиік станциясының бір тұрғыны медициналық пойыздың заңгерлеріне сот пен арадағы дау жөнінде кеңес сұрап келіпті. Оған тиісті кеңес беріліп, заңдық тұрғыда жәрдем жасалған.
Абай еліндегі жұмысын сәтті аяқтаған пойыз Қарағанды өңіріне жол тартты.
Қуаныш Қожаев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
118
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
116
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы