Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгіннен бастап Қазақстан облыстарының бәрінде мамандандырылған медициналық пойыздар жұмысын қайта бастады, деп хабарлады Egemen.kz.
«Бүгін біз медициналық пойыздарды іске қосамыз. Қазақстанның барлық облыстарындағы 147 станцияны қамтуды жоспарлап отырмыз. Шалғай станциялардың тұрғындары тегін медициналық көмек ала алады», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгербаев.
Медициналық бригадалардың құрамында 30-дан астам бейінді мамандар жұмыс істейді. Шалғай елді мекендердің тұрғындары бейінді мамандар – хирург, гинеколог, окулист, стоматологтардан кеңес ала алады.
«Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары сегіз мамандандырылған вагоннан тұрады.
«Мейрамхана вагоны, дизель-генераторлық қондырғысы бар вагон қарастырылған. Төтенше жағдай кезінде мұндай қондырғы шағын елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Төрт вагон медициналық көмек көрсету үшін жабдықталған. Дәрігерлердің тұруына арналған екі вагон. Вагондар кондиционерлермен, тоңазытқыштармен, теледидарлармен, душ кабиналарымен, биодәретханалармен жабдықталған», – деді Ербол Кеңгербаев.
Жоба 2010 жылы іске қосылған, бірақ СOVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.



155
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!