Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның «Жас мамандар кеңесі» жаңа оқу жылы қарсаңында мұнайлылық 30-ға жуық шәкіртке қуаныш сыйлады. Елімізде жарияланған «Балалар жылы» аясында жас мұнайшылар республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысты. Дәстүрлі науқан көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы перзенттерін оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына тек ата-ана емес, тұтас қоғам жауапты. Болашақта еліміздің тұтқасын ұстайтын азаматтар бүгін мектеп партасында отыр. Сондықтан жаңа оқу жылы алдында ҚБМ жастары болып, оқушыларға қарлығаш көмегімізді беруді жөн санадық», – деді ЖМК мүшесі Абай Халлиев.
Дәптер, түрлі қалам-қарындаш, сурет альбомдары мен оқуға қажетті өзге де құралдар. Балалар осының бәрі жинақталған сәнді сөмкені қуанышпен қабылдап, алтын ұясымен қайта қауышуға асықты. Сондай-ақ, олар мұнайшы ағаларына сабақты үздік оқуға уәде берді. Бұдан бөлек, жас мамандар мектеп кітапханасына еліміздің мәдениеті мен тарихы қамтылған энциклопедия және Қаражанбасмұнайдың 40 жылдығына орай жарық көрген «Қазыналы Қаражанбас» кітабын сыйға тартты.
«Біз жыл сайын «Мектепке жол» акциясына демеушілерді өзіміз іздейтінбіз. Бұл жолы Қаражанбас жастары хабарласып, ұсыныс білдіргенде ерекше қуандық. Қиын да қызықты саланың майталман маманына айналыңыздар», – деп алғысын білдірді мектеп директоры Сәуле Сақабаева.
Игі шараға атсалысқан мұнайшыларға мектеп әкімшілігі атынан алғыс хат табысталды. Одан соң оқушылар концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жақсы істен жағымды әсер алған ҚБМ жастары әлі талай қайырымдылық шараларына қатысуға ниетті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
159
31 января 13:03
ҚР Конституциясы: қоғам сұранысына берілген жауаптың жаңартылған мазмұны
196
30 января 14:32
Кружок «Юный железнодорожник» готовит будущие кадры для отрасли