Главная Новости ҚР Президенті мен Иордан Хашимит Корольдігінің Королі Бірлескен мәлімдеме қабылдады
20 февраля 2025, 12:15 1840

ҚР Президенті мен Иордан Хашимит Корольдігінің Королі Бірлескен мәлімдеме қабылдады

ҚР Президенті мен Иордан Хашимит Корольдігінің Королі Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иорданияға сапары аясында мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігі Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Атом энергетикасы жөніндегі комиссиясы арасындағы атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

4. «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы» АҚ мен Иордан Хашимит Корольдігі Инвестициялар министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiм;

5. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокешенi» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен Иордания радио және телевизия корпорациясы (Jordan Radio and Television Corporation) арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандум.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары аясында ведомствоаралық және коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды.


t.me/aqorda_resmi

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: