Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды.
Мемлекет басшысы аталған салада ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандармен теміржолдың даму перспективасы жөнінде пікір алмасты.
– Жол – тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Мен теміржол саласын өркендетуге баса мән беремін. Бүгін Сиань қаласында жаңа құрғақ порттың ашылуына байланысты маңызды шара өтті. Шын мәнінде, көлік-логистика саласы – басымдыққа ие бағыт. Қазір мемлекеттер көлік-логистика мүмкіндіктеріне ие болу үшін бәсекеге түсіп жатыр. Қазір, ең басты әлеует – табиғи ресурстар емес, тауар тасымалдау, логистикалық тізбектерді жолға қою. Еңбектеріңізді бағалаймын. Ең бастысы, сіздердің қызметтеріңізді қоғам айрықша құрметтейді. Сіздер мол тәжірибелеріңізге сүйене отырып, тиісті министрлік пен теміржол басшыларына ұсыныстар мен құнды кеңес бересіздер деп сенемін. Сондықтан бірге жұмыс істеуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде ардагерлер теміржол саласында кадр мәселесі көп нәрсені шешетінін айтты.
Олардың пікірінше, темірдей тәртіп, еңбекқорлық, берілген тапсырманы бұлжытпай орындайтын кәсібиліктің арқасында теміржолшылар өздеріне жүктелген міндетті орындап келе жатыр.
Сонымен қатар олар көлік саласы ел экономикасында жетекші рөл атқаратынын атап өтіп, соңғы жылдары жүк тасымалының көлемі ұлғая түскенін, арнайы Көлік министрлігін құру нәтижесінде саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.
Ардагерлер биыл негізі қаланғанына 120 жыл толған, ел экономикасының күретамыры саналатын теміржол тоқтаусыз жүре берсін деген тілекпен Мемлекет басшысына шойынжол қызметкерінің қолшамын тарту етті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
118
13 февраля 14:41
Что запрещено делать в поезде: напоминание о правилах