Главная Новости Мердігерлер «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруды тежеп тұрған мәселелерді атады
09 маусым 2023, 08:14 984

Мердігерлер «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруды тежеп тұрған мәселелерді атады

Мердігерлер «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруды тежеп тұрған мәселелерді атады

Қарағанды облысында жайлы мектептердің құрылысына бөлінген 8 жер учаскесінің екеуінде дайындық жұмыстары әлі басталмаған. 6 учаскеде мектеп тұжырымдамасы жоқ, сондықтан инженерлік жұмыстарды жүргізу мүмкін емес. Өңірлерді аралап, бөлінген жер телімдерін тексеріп жүрген Samruk-Kazyna Construction өкілдері осы және өзге де проблемаларды анықтады.

Ұлттық жобаны іске асыру бойынша департамент директоры Ербол Ахметов бастаған делегация Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстарына ат басын бұрды. Мақсат қарапайым - құрылыс жұмыстары басталғанға дейін жайлы мектептер салынатын аумақтарды тексеру, мердігерлердің базынасы мен ұсыныс-тілектерін тыңдап, сол жерде шешу. Өйткені, 300-900 орындық жайлы мектептер келесі оқу жылының басына дейін дайын болуы керек. Ал жұмыстар уақытылы басталмаса, құрылыс уақытылы аяқталмауы мүмкін.

Жоспарға сәйкес, мердігер компаниялар келісімшартқа қол қойғаннан кейін бір апта ішінде аумаққа техника мен мамандарды жұмылдыруы керек, бірақ кейбірі әлі кіріспеген. Аумақтардың көбі қоршалмаған, бейнебақылау камералары орнатылмаған, кіреберіс жолдар белгіленбеген. Құрылыс компаниялары өкілдерінің айтуынша, жағдайға себеп болған бірқатар проблема бар: жер телімдерінің көбінде жасыл желек өсіп тұр, кейбір аумақтарды тегістеу қажет, ал кейбіріне инженерлік желілер тартылмаған. Сондай-ақ, учаскелердің көбінде қоқыс үйіліп жатыр.

Айта кетейік, Samruk-Kazyna Construction жер телімдерін бөлумен айналыспайды. Болашақ мектептердің орналасатын жерін жергілікті атқарушы органдар айқындады. Ербол Ахметов барлық ескертулер мен кемшіліктерді  әкімдік пен мердігер компаниялардың өкілдерімен талқылады.

Егер мердігер жұмыстарды орындау мерзімін кем дегенде екі рет 7 күннен артық уақытқа кешіктірсе, келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылады. Ал мектептің құрылысы басқа компанияға беріледі. Барлық жайлы мектептерді уақытылы салып, тапсыру үшін осындай қатаң шаралар қабылдануда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: