Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орай шаралар легі «Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен Құлсары қаласындағы «Кең Жылыой» мәдениет үйінде 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кешінен басталды.
Шараға компания басшылығы мен әр өндірістік құрылымдық бөлімшеден 200-ге тарта мұнайшы ару қатысты.
Салтанатты кеште «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығының орынбасары Ерлан Қондыбаев,«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ ұйымының төрағасы Сырымбек Сәрсембаев жаны нәзік болғанымен, «қара алтынды» өндіруде жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген мұнайшы қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтады.
«Мұнайшы қыз» клубының жетекшісі Р.Тасмағамбетова мұнайшы әйелдердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі қосқан үлестеріне ерекше тоқталып өтті. Бүгінде «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында жалпы ұжымның 20 пайызға жуығы әйел адамдардың еншісінде.
Салтанатты шара барысында Ембі өндірісінің дамуына үлес қосқан бір топ мұнайшы қыз «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»