Главная Новости Мерейі үстем мұнайшылар
03 қараша 2022, 09:25 1313

Мерейі үстем мұнайшылар

Мерейі үстем мұнайшылар

«Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшыларына құрмет пен мерекелік марапаттар әлі де жалғасып жатыр.

Вахта ауысымында өндірісті өркендетуге өз үлесін қосып жүрген сала үздіктері ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның құрмет грамоталары, алғыс хаттар және естелік медальдарына ие болды.

Өндірістік басқарма басшылығы алдымен қызметкерлерді Республика күнімен құттықтап, мерекенің тарихынан сыр шетті. Одан соң өндірістік цехтардың өз ісіне адал, жұмысына жауапты онға жуық жұмысшысына медальдар мен құрмет грамоталары, алғыс хаттар табыс етілді. Марапат алған мұнайшылар қайта жаңғырған ұлттық мерекеге орай алғысқа бөленіп, еңбегінің еленгеніне дән риза.

«Ердің атын еңбек шығарады. Ел экономикасының локомотиві саналатын мұнай саласындағы әр жұмысшыға өндірістік жауапкершілік жүктелген. Отан мен отбасының мерейі жолында Қаражанбастың қарыштап дамуы үшін әлі де тынымсыз тер төгіп, қызмет ете береміз. Еліміз аман, мұнайымыз көп болсын», – деді мұнайшылар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: