Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Мейірім» электронды картасының иелері BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы және «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшасын қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша балаларға да жол жүру құжаттарын (билеттері) жеңілдікпен рәсімдей алатындығын хабарлайды.
Ол үшін жолаушылар сайтта немесе мобильді қосымшада жол жүру күнін, пойыз бен вагон нөмірін және тарифті таңдағаннан кейін, «Дисконттық картаны пайдалану» опциясы батырмасын басып, өзіне және баласына жол жүру құжатын рәсімдеуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың маусым айынан бастап барлық мүгедек топтағы жолаушыларға ыңғайлы болу үшін BILET.RAILWAYS.KZ сайтында теміржол билеттерін әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша онлайн рәсімдеу бойынша «Мейірім» онлайн қызметі енгізілді. Қазіргі таңда бұл қызметті 3,2 мыңнан астам адам пайдаланды. «Мейірім» картасын «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында рәсімдеп алғаннан кейін, билеттерді жеңілдікпен онлайн түрде сатып алуға болады.
Сайтта темір жол билеттерін ресімдеген кезде бір пайдаланушының бір есептік жазбаға тек 10-ға дейін бірегей жолаушыны рәсімдеуге құқығы бар екенін есте ұстаған жөн. Жолаушылардың көп санын рәсімдеу кезінде жолаушының есептік жазбасы бұғатталатын болады. Аталған шара 2019 жылдан бастап қолданылып келеді және темір жол билеттерін алыпсатарлармен күресу және темір жол билеттерін заңсыз қайта сату фактілерін болдырмау мақсатында жасалып отыр.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан вагонға отырғызу және жол жүру кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын және мүгедектігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын алып жүруін сұрайды.
Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты жолаушылардан жол бойында және еліміздегі вокзал аумақтарында бетперде режимін сақтап жүрулерін сұраймыз.
Кәмелетке толмаған жолаушылар үшін темір жол билеттерін рәсімдеу жөніндегі анықтамалық ақпарат: