Главная Новости Миуа Бейсенова – «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» кәсіпшілік химия зертханасының жетекші инженері
04 наурыз 2024, 09:40 467

Миуа Бейсенова – «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» кәсіпшілік химия зертханасының жетекші инженері

Миуа Бейсенова – «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» кәсіпшілік химия зертханасының жетекші инженері

Миуа Аллабердіқызы Бейсенова, 1977 жылы туған. 1999 жылы Түркімен политехникалық институтын «Отын және көміртекті материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы "Мұнайгаз" ҒЗИ (Баку қаласы, Әзірбайжан) «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» бойынша докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми дәрежесі — PhD докторы.

2007-2010 жылдары «Қазинспекторат» тәуелсіз компаниясында мұнай және мұнай өнімдерін зерттеумен айналысты, аға химик және мұнай зертханасы бастығының м.а. лауазымдарын атқарды.

2010 жылдан бастап «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ («ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Ақтау қаласындағы филиалы «ҚазҒЗЖИмұнайгаз») жұмыс істейді. Қазіргі уақытта кәсіпшілік химия зертханасының жетекші инженері. Жұмыс барысында қабаттық және айдалатын сулардың физика-химиялық қасиеттерін, мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттерін, мұнай мен газды хроматографиялық зерттеумен айналысты. Бүгінде микробиология саласында жұмыс істейді: мұнай-газ кен орындарындағы биокоррозия процесіне тікелей немесе жанама қатысатын бактерияларды зерттеумен, олардың тіршілік әрекетін төмендететін химиялық реагенттерді анықтаумен айналысады.

Жұмыс барысында 17 ғылыми жұмыс жарияланып, екі патент алынды: бұрандалы қосылыстарға арналған герметикалық композицияны ойлап табуға арналған инновациялық патент (Қазақстан), кешенді әсер ететін бактерицид-ингибиторды (Әзірбайжан) қолдана отырып, газлифт әдісі кезінде пайдаланылатын газ құбырларын коррозиядан қорғауға арналған инновациялық патент. Бірқатар ведомстволық марапаттары бар: ҚР Білім және ғылым Министрлігінің «Ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: