Главная Новости Миялыдағы «Қамқорлық» оңалту орталығы нәтижелі жұмыс көрсетуде
01 июля 2025, 11:46 364

Миялыдағы «Қамқорлық» оңалту орталығы нәтижелі жұмыс көрсетуде

Миялыдағы «Қамқорлық» оңалту орталығы нәтижелі жұмыс көрсетуде

Атырау облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында тірек-қимыл жүйесі зақымданған адамдарға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы нәтижелі жұмыс істеуде. Еске сала кетсек, ол 2024 жылы ашылған болатын. Нысан құрылысын қаржыландыруға «Ембімұнайгаз» АҚ (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) да өз үлесін қосты.

Орталықта инсульт, инфаркттен кейінгі және қимыл жүйелерінде туабітті ақаулары бар адамдар ем қабылдап, оңалтудан өтуде. «Қамқорлық» бір мезгілде 25 адамға дейін қабылдай алады. Олармен реабилитолог, массаж жасаушы және физиотерапия бойынша нұсқаушы жұмыс істейді. Әр науқастың сауықтыру шаралары жеке-жеке жасалады, яғни, оның патологиясы, жасы, жалпы жағдайы ескеріледі. Келушілердің физикалық белсенділігін қалпына келтіру үшін медицина мамандары 12 түрлі заманауи құрылғылардың көмегіне жүгінеді.

Қызылқоға ауданында қимыл белсенділігі бойынша мүгедектігі бар 92 адам есепте тұр. Олар 320 шақырым қашықтықта жатқан Атырау қаласына қатынау қиыншылығынан құтылған. Тұрғындар оңалту мекемесіне инватакси көмегімен қатынайды.

«Қамқорлық» оңалту орталығының директоры Асылбек Мұратовтың сөзіне қарағанда, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді медициналық көмек — аса маңызды. Мұны ауыл тұрғындары да растайды.

— Осыдан 3 жыл бұрын мен екі рет инсульт алдым. Соның салдарынан сөйлей, жүре алмай қалдым. Ота жасалды. Орталыққа ашылған күнінен бастап, келіп жүрмін. Күнделікті жаттығу жасаудың арқасында жүре бастадым, сөйлеуім де біртіндеп қалпына келе бастады, — дейді Миялы ауылының тұрғыны Әділбек Ұзақбаев.
— Жол апатынан кейін омыртқама зақым келіп, жүре алмай қалдым. Алғашқы кезде Атыраудағы оңалту орталығына қатынап жүрдім, бірақ ол жақ өте ұзақ әрі тек 14 күнге бару тиімсіз болды. Былтыр желтоқсан айынан бастап «Қамқорлықта» ем ала бастадым, нәтижесі де көп күттірмеді, қалыпқа келе бастадым. Ерекше жандарға қолдау білдіріп жатқандарға алғыс айтамын, — дейді Миялы ауылының тұрғыны Бейбіт Тұрашев.

Айта кетсек, аймақтағы әлеуметтік-әріптестік жобаларына қатысу — «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайлы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және ауылды жерлерді қолдау бағыттарындағы стратегиясының маңызды бөлігі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: