Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтау қаласындағы «Бесшоқы» спорт кешенінде өңіріміздегі мұнай өндіру және сервистік кәсіпорындардың қыздар командалары арасында волейболдан «MMG CUP – 2024» турнирі өтті.
Жарысқа «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «ОТК» және «Нейрон Мед» командалары қатысты.
Турнир ережесіне сәйкес командалар екі топқа бөлініп ойнады. «А» тобында «Өзенмұнайгаз» командасы бірінші орын, «Маңғыстаумұнайгаз» екінші орын, «Қаражанбасмұнай» үшінші орын алды. «Б» тобында – «ОТК» командасы бірінші, ал «Нейрон Мед» командасы екенші орынды иеленді.
Өз топтарында бірінші және екінші орын алған командалар жартылай финалға өтті. Жартылай финалда «Маңғыстаумұнайгаз» волейболшы қыздары «ОТК» командасын, «Өзенмұнайгаз» спортшылары «Нейрон Мед» командасын жеңіп финалға жолдама алды, сәйкесінше, «ОТК» мен «Нейрон Мед» командалары үшінші орын үшін жарысқа түсті.
Үшінші орын үшін тартысты өткен ойында «ОТК» командасы өз шеберліктерінің «Нейрон Мед» командасынан жоғары екенін дәлелдеп (2-0) жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.
Турнирдің негізгі матчында «Маңғыстаумұнайгаз» бен «Өзенмұнайгаз» кездесті. Алтын медальдар үшін ойын қызықты өтті, алайда «Өзенмұнайгаз» ойыншыларының өнері басым болды, олар екі партияда да жеңіске жетіп чемпион атанды!
Екінші орын «Маңғыстаумұнайгаз» қыздар командасының еншісіне тиді.
Тартысты өткен турнир нәтижесінде келесі ойыншылар жеке марапаттарға ие болды: