Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жетібай ауылының жанындағы «Мешітбай ата» қорымында жаңа түнеухана ашылып, аруақтарға арналып ас берілді, дұға оқылып, құран бағышталды.
Құрылысы өткен жылы басталған жаңа түнеухана ғимаратына қосымша намазхана, қазандық бөлме, ас үй салынған, электр желісі тартылған. Қорымның сырты жергілікті ұлу таспен толықтай қоршалып, түнеуханаға апаратын жол салынған.
Осындай ауқымды жұмыстар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен компанияның серіктес, мердігер мекемелері, кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың күшімен бірігіп істегеннің арқасында жүзеге асты.
Жаңа түнеуханада берілген садақаға Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры М.Мұстафаев, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуәр Ізімбайұлы, ауыл ақсақалдары, компанияның еңбек ардагерлері, Мешітбай атаның ұрпақтары, қорымда атқарылған жұмыстарды іске асырған азаматтар мен Жетібай мұнайшылары қатысты.
"Осыдан бірнеше ай бұрын «Мешітбай ата» қорымында жұмыстарды бастағанда да садақа беріп бастап едік, енді міне бүгін жаңа түнеухана ғимаратында садақа беріп жатырмыз. Бұл жұмыстар улкен елдік істің, ұйымшылдық пен бірліктің арқасында атқарылғанына баршамыз куәміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар», деген ғой ата-бабаларымыз. Әрқашанда бірлікте болайық, ынтымағы жарасқан елден береке кетпейді, бұдан былай да осындай ұйымшылықпен еңбегіміз елдің игілігіне жалғаса берсін", – деді компания бас директоры Мұрат Мұстафаев.

Басқосуда сөйлеген Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев барша мұнайшыларға осы елдік істе ұйытқы болғандары үшін ризашылығын жеткізсе, ауыл ақсақалы Мүсір Базаров үлкен аталық сөздерін айтып, жиналғандарға бата-тілегін берді. Өз кезегінде Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуәр Ізімбайұлы садақаға қатысушыларға имандылық жөнінде, болашақ ұрпақтың тәрбиесі, қанағатшылық туралы жақсы сөздерін жеткізді.
Садақада басқа да жақсы-жақсы тілектер айтылып, жиналғандар осындай ел үшін атқарылған іске өз ризашылықтарын білдіріп жатты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
186
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету