Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстандағы әйел адамдардың отбасындағы, қоғамдағы, ұрпақ тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтардағы орны ерекше екені баршамызға мәлім. Ендеше олардың жан-жақты дамуы, қоғамға үлес қосуы туралы кең жұршылықты хабардар ету міндеті бар екені анық.
Осы ретте Республикамыздың 30 жылдық мерейтойына еліміздегі талантты, көшбасшылық қасиетке ие әйелдердің, қыз-келіншектердің іскерлігін, қайсарлығын, өжеттігін қоғам алдында насихаттау үшін «XXI ғасырдың көшбасшы әйелдері» атты Республикалық бірегей жоба жүргізілген болатын. Аталмыш жобаның аясында «NUR.KZ» баспа үйі 2022 жылы «XXI ғасырдың көшбасшы әйелдері» атты кітап басып шығарды.
Кітап кейіпкерлері – еліміздің саяси-қоғамдық өміріне белсенді араласатын, экономиканы дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген мамандар мен кәсіпкерлер, болашақ ұрпақтың интелектуалды қабілетін арттыруда еңбек еткен, әлі де осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан білім саласының тұлғалары, дәрігерлер, құрылысшылар.

Осы кітаптың кейіпкерлерінің бірі – өзіміздің әріптесіміз, компаниямыздың қаржы департаменті директоры Шолпан Лазарқызы Ильмуханбетова екенін мақтанышпен хабарлаймыз.
Кітапта еңбекқорлығы, жұмысбастылығы, білімі мен біліктілігі өзімізге аян болған Шолпан Лазарқызының өмір жолы, білім алып, еңбекке араласуы, қол жеткізген жетістіктері фотосуреттермен толықтырыла отырып, әсерлі баяндалған.
Ғұмыры мен өмірлік тәжірибесі, үлгі боларлық қасиеттері арқылы нәзікжанды әріптесіміздің Республикалық бірегей жобасына енуі ұжымдастар үшін қуантарлық жаңалық екені сөзсіз.
Дереккөз: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
222
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи