Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» Қарағанды полиция басқармасымен бірлесіп, Қарағандыда үш жаңа стационарлық модульдік полиция бекетін сымсыз интернет пен телефония желісіне қосты. Бастама қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі жобасы аясында жүзеге асырылды. «Мобильдік кеңсе» сервисінің арқасында полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуі және жедел есепке алу жұмыстары жеделдетіліп, жетілдірілді.
Айта кету керек, «Мобильді кеңсе» IP VPN базасында құрылған корпоративтік желіге қауіпсіз сымсыз қосылудың арқасында жүзеге асады. Оның жұмысы шағын кеңселерді немесе қашықтағы құрылғыларды шифрланған желіге қосуға мүмкіндік беретіндей реттелген, ал орнатылған қауіпсіздік жүйесі кез келген рұқсатсыз кіруге жол бермейді, бұл мемлекеттік деректер базасымен және ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу кезінде әсіресе маңызды. Полиция департаменті бүгінде Қарағандыда мобильді кеңсе мүмкіндіктерін пайдаланған алғашқы мекеме.
«Мобильді кеңсе», аты айтып тұрғандай, мобильді желімен қамтылған кез келген жерде кеңсе жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қашықтағы нүктеге қосылу үшін тұрақты клиенттік маршрутизатор ғана қажет. Осының арқасында тұтынушылар жер үсті желілерінің тартылғанын немесе техникалық мүмкіндіктердің пайда болғанын күтпей, кеңсе жұмысын жылдам ұйымдастыруға немесе көшу кезінде жұмыс процесін тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік береді», – дейді «Қазақтелеком» АҚ Корпоративті бизнес дивизионы B2G сату бөлімінің басшысы Әсел Бейсекеева.
Айтпақшы, стационарлық посттар тұрғындар көп жиналатын орындарда: Майқұдық тұрғын үй алабында, орталық саябақта және автовокзал маңында орнатылған. Үш модульдік бөлмелердің әрқайсысы сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл айналадағы және ғимарат ішіндегі жағдайды нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта полицейлер бейнекамералар арқылы түскен мәліметтерді тікелей Полиция департаменті мен Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтарына біріктіру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.
«Қазақтелекомнан интернетке сымсыз қосылуға арналған жабдықты орнату арқылыполицияның стационарлық бекеттеріндегі мәліметтерді өңдеуде қосылуға және үзіліссіз байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал біздің қызметкерлер постта бола отырып, Ішкі істер министрлігінің деректер базасына қол жеткізе алады. Бұл полиция бекіністерін аралауды қажет етпей, республикалық серверден қажетті ақпаратты жедел алуға және тексеруге ықпал етеді. Ал бейнебақылау камераларын ортақ базаға біріктіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бейнежазбалар Жедел басқару орталығына жіберіледі. Жүйрік интернет мұны онлайн режимде жасауға мүмкіндік береді», – дейді Қарағанды қалалық ІІБ байланыс бөлімінің бастығы Жарас Смағұлов.
Сонымен қатар, әрбір стационарлық пост сымсыз CDMA арнасы арқылы телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Осының барлығы полицияның бұрынғыдан да ұтқыр болуына, Қарағанды қаласында қоғамдық тәртіпті қырағы бақылауда ұстауына мүмкіндік берді. Қарағандылық полиция қызметкерлерінің жоспары – жаңа стационарлық бекеттер орнату және одан әрі кеңейту.