Главная Новости Модульдік үй-жайлар теміржолшылар игілігіне қызмет етуде
26 сәуір 2024, 14:33 659

Модульдік үй-жайлар теміржолшылар игілігіне қызмет етуде

Модульдік үй-жайлар теміржолшылар игілігіне қызмет етуде

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның арнайы жобасымен жол бойында пайда болып жатқан модульдік үй-жайлар қыстың қытымыр аязы мен жаздың шіліңгір ыстығында ашық далада жүріп еңбек ететін теміржолшылар үшін үлкен игілік болып отыр.

Әсіресе жолшы, пойыз құрастырушы, байланысшы, электриктер мен электромеханиктер секілді ауа-райымен санаспай еңбек ететін мамандық иелеріне бір сәт дамылдайтын орын аса қажет. Оларға жұмыс учаскелерінде әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасаудың кешенді бағдарламасын бекітіп жүзеге асыра бастаған ұлттық компания жоспарына сай былтыр Атырау өңіріне жылыну пункттерін қайта жасақтау үшін бес тонналық 95 контейнер жеткізіліп, Атырау жол дистанциясына 50 дана, Құлсары жол дистанциясына 45 дана бөлінген болатын. Олар өңірдегі барлық станциялар мен разъездерге орналастырылып, теміржолшылар игілігіне берілді. Сонымен қатар Атырау жол дистанциясына модульді үйлер жеткізіліп, олар Нарын, Махамбет, Қарабатан станцияларында және шағын бекеттерде орнатылды.  

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып жатыр. Инвестициялық бюджетке сәйкес биыл тағы да 7 модульді үй келуге тиіс болса, соның төртеуі Атырауға жеткізілді. Атырау жол дистанциясының бас инженері Рафаэль Меңдешевтің айтуынша, олар жуырда Таскескен, Сазанқұрақ, 496 және 16-разъездерге орнатылды. 12,5х2,70 мөлшердегі кәдуілгі шағын үйдің ішінде жатын бөлме, ас дайындайтын және ішетін, жуынатын бөлме, теледидар, тоңазытқыш, жазда салқындатқыш, қыста жылыту пештері де бар.  

– Бұл контейнер типтегі 8 орындық үйлер осы жуырда орнатылып, жолшылар игілігіне берілді. Күндіз-түні далада жүретін, кейде қонып қалатын теміржолшылар үшін бұл үйлердің көмегі зор болып тұр. Ішінде барлық жағдайы бар. Ұялы байланыс та ұстап тұр. Мұндай еш уақытта болған емес. Сондықтан біздің жағдайымызды жасап жатқан компания басшылығына ризашылығымызды білдіреміз, – дейді №496 разъездің жол шебері Бекболат Кенжеев.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: