Главная Новости Мұғалімдерге арналған жаңа онлайн сервис
16 қараша 2020, 11:34 1068

Мұғалімдерге арналған жаңа онлайн сервис

Мұғалімдерге арналған жаңа онлайн сервис

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Soyle.kz ресурсы базасында қазақ тілі оқытушыларына арналған «Мен мұғаліммін» жаңа сервисі іске қосылды, деп хабарлайды SKnews қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны Мемлекеттік тілді дамыту қоры жүзеге асырса, «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев қоры да қолдау көрсеткен.

«Мен мұғаліммін» сервисінің көмегімен қазақ тілі оқытушыларының ішінен кез келген адам өз блогын немесе жеке парақшасын жүргізе алады, онда өзінің жеке оқыту бағдарламасын құруға және дамытуға, тақырыптарды түсіндіруге, үй тапсырмаларын беруге және тексеруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, сервисте фото, аудио және видео сияқты материалдарды жүктеуге болады.

«Жаңа сервистің жобаны таныстыруға дейін көптеген пайдаланушылардың назарын тарта алуы оның өзектілігін растайды. Презентациядан бір апта бұрын олар өз топтарын құрып, жүйені 3000-нан астам мұғаліммен сынап көрді, ал қазір жобада 6 мыңға жуық қолданушы бар. Пандемия кезінде бұл фрилансерлер үшін таптырмас олжа және біз көптеген мұғалімдерге осындай қиын уақытта қосымша табыс табуға көмектесе алғанымызға өте қуаныштымыз», – дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Сондай-ақ, «Мен мұғаліммін» сервисі өзіне ыңғайлы форматты таңдап, тілді өз бетінше үйренуді қалайтындар үшін жеке оқыту бағдарламасын жасауға көмектеседі.

Тілдерді оқыту саласындағы тағы бір жаңалық – Soyle.kz базасында тіл алмасудың ішкі желісін құру. Сервис жаңадан бастаушыларға білім алмасу және бір-біріне тілдерді үйренуге көмектесу үшін ана тілде еркін сөйлейтіндер қатарынан серіктес табуға көмектеседі. Мысалы, орыс тілді пайдаланушы қазақ тілінде еркін сөйлейтін адаммен хат алмасу, чат арқылы, тақырыптық топтарда талқылау арқылы әртүрлі тақырыптарда сөйлесе алады.

Қарым-қатынастан басқа, тіл алмасу сервисі жазбаларды жүргізуге, «Қойын дәптер» көмегімен тапсырмалар беруге мүмкіндік береді. «Жауаптар» бөлімі қазақ тілін оқыту тақырыбы бойынша қызықтыратын сұраққа жауап алуға көмектеседі, ал «Талқылау» блогы пікір алмасу және дискуссия алаңы болып табылады.

«Soyle.kz» жобасы бір орында тұрмай, үнемі дамып келеді. Біз адамдардың қазақ тілін үйренулері үшін және үйренгісі келуі үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз. Бұл жоба «Soyle.kz» сервистерінің пайдасы мен ыңғайлылығын бағалайтын шамамен 140 мың пайдаланушыны қамтиды», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: