Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған оқыту лагері ашылды. Екі күн ішінде 8 өңірден келген қатысушылар коммуникативтік, көшбасшылық дағдыларды және басқа да негізгі кәсіби құзыреттерді меңгереді. Аталмыш оқу лагері 15-16 шілдеде Астанада өтті.
Алматы лагерінің ашылуына «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Стамбеков, «Шелл Қазақстан» компаниясының әлеуметтік мәселелер жөніндегі талдаушысы Әлия Ибадильдина қатысты.
Лагерь «OrleTECH 3.0» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған және екікүндік оқу тәмамдалғаннан кейін 180 қатысушы AI-маман, no code әзірлеуші, UI/UX + Web-шебер сынды үш бағыт бойынша үш айлық онлайн оқуға кіріседі.
«Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, жоба кәсіби және әлеуметтік дағдыларды дамыту арқылы ерекше жандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
«Инклюзия саласы біздің басым бағытымыз. Сондықтан ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін денсаулық, білім беру, демалыс, спорт және кәсіби қызметін қамтитын жүйелі тәсілдерді, экожүйені қалыптастыру маңызды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» қолдауымен оңалту орталықтарының желісі құрылды. Олардың саны 40-қа жетті. 23 қала мен елді мекенде бейімделген спорт түрлері бойынша секциялар ашылып, 200 ерекше балалар мен олардың ата-аналарына арналған инклюзивті спорттық-мотивациялық лагерь ұйымдастырылды. Астанада биыл 5 жаңа инклюзияны қолдау кабинеті ашылады», - деп атап өтті лагерьдің ашылу салтанатында қор басшысы Альфия Адиева.

Жоба басталғаннан бері Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар жастардан 1800-ден астам өтінім келіп түсті. Қатысушылар цифрлық мамандықтарды меңгеріп қана қоймай, оларға жұмыс орнын табуға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, оқу барысында студенттерге түйіндеме жасау, жұмыс іздеу, сұхбаттасуға дайындық бойынша онлайн-платформалармен байланыс бойынша ұсыныстар беріледі.
Айта кетейік, «OrleTECH 3.0» жобасы «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылай қолдауымен «Iteachme» қорымен серіктестікте жүзеге асырылуда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
82
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы