Главная Новости Мұнай-газ химиясы жобалары бойынша ынтымақтастық
07 қазан 2021, 16:03 970

Мұнай-газ химиясы жобалары бойынша ынтымақтастық

Мұнай-газ химиясы жобалары бойынша ынтымақтастық

XIV KAZENERGY Еуразиялық форум аясында «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және СИБУР компаниясы Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы мұнай-газ химиясы жобалары бойынша ынтымақтастықтың негізгі талаптары жөніндегі келісімдерге қол қойды.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес тараптар біріктірілген газ-химиялық кешен негізінде бірлескен кәсіпорындарды құрудың талаптарын айқындады. Атап айтқанда, бұл жерде бүгінде қарастыру кезеңіндегі қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы, сондай-ақ салынып жатқан қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт туралы сөз қозғалып отыр. Осы бірлескен қос кәсіпорындағы СИБУР компаниясының үлесі 40%-ды құрайтын болады.

СИБУР-дың бірлескен кәсіпорындарға қатысуы барлық қажетті реттеуші келісімдер алынғаннан кейін және полипропилен өндіретін зауыт пайдалануға берілген соң іске асырылады.

«Ел басшылығының тапсырмасына сәйкес «ҚазМұнайГаз» компаниясы ұлттық мұнай-газ химиясы саласын қалыптастыру жолында жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында біз полипропилен өндіретін зауыттың құрылысын аяқтаймыз. 2022 жылдың басында оны іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстың жалғасы ретінде полиэтилен өндіру жобасының жүзеге асырылуы басталады. СИБУР компаниясы мол тәжірибесі мен қажетті технологиясы бар сенімді серіктесіміз бола алады деп ойлаймын. Бұдан бөлек, біздің ынтымақтастығымыз қазақстандық өнімді өткізудің қосымша нарықтарына жол ашпақ», – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«СИБУР мұнай-газ химиясы бизнесін кезең-кезеңімен дамытып келеді. Компания әлемдік деңгейдегі мұнай химиясы кешендерін құру, іске қосу және пайдалануға беруде үлкен тәжірибе жинады. Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және өңдеу жөніндегі ірі өндірістік нысандарды салу мен пайдаланудағы Қазақстандағы серіктестердің мол тәжірибесімен бірлесіп, әлемдік деңгейдегі полимерлі кешендерді іске қосу мен пайдалану жөніндегі біздің жинақталған сараптамамыз әлемдік нарықтағы бірлескен өндірістердің рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ активтер қоржынымыз бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындармен толығады. Жаңа кәсіпорындарды іске қосу Қазақстанда және ЕАЭО басқа елдерінде полимерлі өнімнің ішкі тұтыну өсіміне де оң ықпалын тигізіп, СИБУР-дың қолданыстағы инфрақұрылымы мен құзыретінің арқасында жоғары қосымша құны бар өнімдердің экспорттық позициясын күшейте түседі», – деді «СИБУР Холдингі» ЖАО Басқарма төрағасы Дмитрий Конов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: