Главная Новости Мұнай-газ қорының төрттен үші – Атырау облысында
19 мамыр 2022, 12:20 1187

Мұнай-газ қорының төрттен үші – Атырау облысында

Мұнай-газ қорының төрттен үші – Атырау облысында

Қазақстандағы мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Egemen.kz.

«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының мемлекеттік балансында 8711 кен орны, оның ішінде көмірсутектер бойынша – 317, қатты пайдалы қазбалар бойынша – 910, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 3160 және 4324 жерасты суларының кен орындары есепке алынған», – деді комитет басшысы.

Сондай-ақ ол елдегі мұнай қорының көлеміне де тоқталды.

«Мұнайдың баланстық қоры (А+В+С1+С2 санаттары бойынша) 4,4 млрд тоннаны құрайды. Газдың 2,1 трлн текше метр, конденсаттың 416,2 млн тонна қоры бар. Оның басым бөлігі Атырау облысында шоғырланған – шамамен 75%. Қалған 11%-ы Маңғыстау облысына тиесілі. Көмірсутек шикізаты қорының 68%-ы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты 3 ірі кен орнының үлесіне тиесілі», – деді Талғат Сатиев.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: