Главная Новости Мұнай-газ операторы: «Еңбек кітапшамда – бір ғана жазба»
08 қаңтар 2021, 11:31 1077

Мұнай-газ операторы: «Еңбек кітапшамда – бір ғана жазба»

Мұнай-газ операторы: «Еңбек кітапшамда – бір ғана жазба»

Нұрсұлу Испанғалиева «Жылыоймұнайгаз» МГӨ басқармасына қарасты Терең-Өзек кен алаңының операторы. Ол алғаш жұмысқа ораласқанында бар болғаны 18 жаста еді. Содан бері арада 32 жыл өтсе, Нұрсұлу осы ұжымда сол 32 жыл бойы еңбек етіп келеді. Еңбек кітапшасында «Терең-Өзек кен алаңының мұнай-газ өндіру операторы» деген бір-ақ жазба бар.

«Екінші үйімдей болып кеткен Терең-Өзек кен алаңының ұжымы маған ыстық. Осы ортаға келгенде ештеңе білмейтін жас қыз едім, еңбек ете жүріп өзгелерден үйрендім, білмегенімді меңгердім, бүгінде өзім де жастарға тәлімгермін», – дейді ол.

Нұрсұлу – мұнайшылардың қызы. Әкесі Төреғали мен анасы Жиде де осы Ембі өндірісінде ұзақ жылдар еңбек еткен. Отбасындағы 10 баланың 8-і мұнайшы атанған. Нұрсұлу отбасындағы мұнайшы болған сегіз баланың сегізі де осы Терең-Өзек кен алаңында еңбек жолдарын бастағанын аса ризашылықпен айтады. Себебі, бұл ұжым – сыйластығы жарасқан орта. 

Кешегі өндіріс пен бүгінгі өндірістің айырмашылығын сараптаған Нұрсұлу бүгінгі Ембі өндірісі үлкен жаңалыққа толы екенін баса айтады. Бүгінгі өндіріс толықтай автоматика жүйесіне көшіріліп, кешегі аға буын қолмен атқарған жұмыстар «көрген түстей» болған. Өндіріс алаңдары заман талабына сай жабдықталған әлеуметтік нысандармен толығуда.

«Жұмыстан кейінгі демалыс уақытымызды тиімді өткізуге өндірісте барлық жағдай бар. Былтыр барлық жатақханаларда кітап бұрышы ұйымдастырылды. Шағын кітапхана деуге болар. Осы жерден көркем шығарманы да, күнделікті жұмысымызға керекті методикалық құралдарды да таба аласыз. Өзім жұмыстан кейін ылғи осы жерде отырып кітап оқимын», – дейді Нұрсұлу Испанғалиева.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: