Главная Новости Мұнай-газ саласында еңбекті нормалаудың жаңа тәсілдері талқыланды
25 февраля 2026, 10:32 87

Мұнай-газ саласында еңбекті нормалаудың жаңа тәсілдері талқыланды

Мұнай-газ саласында еңбекті нормалаудың жаңа тәсілдері талқыланды

2026 жылғы 24 ақпанда мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы ұйымдарда еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, келісу және қайта қарау мәселелері бойынша Жұмыс тобының биылғы алғашқы отырысы өтті.

ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрлігінің, салалық қауымдастықтардың («KAZENERGY», «PETROMINING», Мұнай-газ химиясы өнімін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы), ірі мұнай-газ компаниялары мен кәсіподақтардың өкілдері қатысты.

Бұл жұмыс ҚР Еңбек кодексі шеңберінде жүргізілуде, оған сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбектің үлгілік нормаларын бекіту және ауыстыру өкілеттіктері еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарына бекітілген.

Энергетика министрінің бұйрығымен құрылған Жұмыс тобының мүшелері мұнай мен газды барлау, өндіру, тасымалдау, сақтау және өңдеу сияқты негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл алгоритмдерін қарастырды.

Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, КПО және НКОК сияқты компаниялардың практикалық тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар еліміздің энергетика секторында тиімді әрі қауіпсіз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін нормативтік базаны жетілдіру бойынша бірлескен қызметті жалғастыруға уағдаласты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: