Главная Новости Мұнай өңдеуші тұңғыш қазақ қызы
18 марта 2025, 09:46 121

Мұнай өңдеуші тұңғыш қазақ қызы

Мұнай өңдеуші тұңғыш қазақ қызы Фото: kmg.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдығы аясында кәсіпорын тарихын терең зерттеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 70 мыңнан астам құжатты қамтитын өндірістік архивте 20 мыңға жуық адамның жеке іс қағазы сақталған. Қазір баспасөз қызметінің мамандары мен архивистер 1944—1978 жылдарға тиесілі 9734 мұрағаттық материалдың 3736-сын қарап үлгерді. Сарғайған қағаздарды парақтай келе, ерекше көзге түскен есімдердің бірі — Зәуре Құмарова болды.

 Жалпы, кәсіпорынның 80 жылдығы — тек жетістіктерді ғана емес, өндіріс тарихындағы елеулі тұлғаларды еске алып, олардың еңбегін ұлықтайтын маңызды белес. Сонымен, мұнай өңдеуге атсалысқан тұңғыш қазақ қызы туралы архивтік деректерді сөйлетейік... Зәуре Құмарова 1928 жылы Гурьевке қарасты (қазіргі Атырау) Бақсай ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. Ол өмірдің ауыр сынақтарына бала кезден тап болған. Әке-анасынан ерте айырылған Зәуре 1943 жылға дейін жетімдер үйінде тәрбиеленді. Сол жылы Бақсай ауданындағы Жамбыл мектебінің 5-сыныбын аяқтап, Гурьев қаласындағы №9 қолөнер училищесіне оқуға түседі. 1945 жылы аталған білім ордасын тәмамдап, 17 жастағы Зәуре №441 мұнай өңдеу зауытына жұмысқа қабылданады. Зауытта еңбек жолын электр-дәнекерлеуші болып бастап, небәрі бір айдан соң №1 цехқа оператордың көмекшісі ретінде ауыстырылады. Қысқа мерзімде өндіріс үдерісін жетік меңгерген Зәуре Құмарова 1947 жылы оператор қызметіне тағайындалды. Еңбексүйгіштігімен, кәсібіне адалдығымен көзге түскен ол тек өндірісте ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді болды. Зәуре Құмарова зауыттың ұсынысымен 1959 жылы 5 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. Жоғары Кеңесте де ол жалғыз қазақ қызы болған. Бұл — сол кезең үшін ерекше жетістік еді. Мұнай өңдеу зауытында жұмыс істей жүріп, қоғамдық қызметке де белсенді араласқан ол өз заманының көшбасшы әйелдерінің біріне айналды.

Атырау облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының дерегіне сүйенсек, Зәуре Құмарова төрт баланың анасы атанған. Зауыттың баспасөз қызметіндегі мамандар өмірбаянда жазылған мекен-жайға барып, Зәуре Құмарованың кенже қызы Гуля Бердіханқызын тауып, сұхбаттасты.

— Анам өндіріске бала кезімізден араласып кеттік деп айтып отырушы еді. Көп техникаға бойымыз жетпейтін. Аяғымыздың астына орындық қойып, 16 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істедік. Бізді ешкім аямайтын. №1 цехта жұмыс істеген кезімізде аптап ыстықтан дем алу мүмкін болмайтын. Соған қарамастан, елге қызмет ету біздің міндетіміз деп санадық дейтін. Бос уақытында қолғап тоқып, керек заттарды тігіп, фронтқа жіберетін едік деп айтатын. Анам елдің адамы болды. Халықтың тұрмыстық жағдайы көп алаңдататын, — деп өткен шақты Гуля апай тебірене еске алды.

        Өз заманының озық ойлы, қайсар мінезді қызы болған Зәуре Құмарова 1974 жылы денсаулығына байланысты ауыр жұмыстарды атқаруға тыйым салынған соң, 1975 жылы 30 жылдық еңбек өтілімен II топ мүгедегі ретінде жұмыстан босатылды. 2008 жылы 80 жасында өмірден өтті. Толығырақ ҚМГ сайтынан оқи аласыздар.

АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: