Главная Новости Мұнай өндірісіндегі зияткерлік. Жемісті жобаға – 5 жыл
Компания тынысы11 мамыр 2021, 10:31 321

Мұнай өндірісіндегі зияткерлік. Жемісті жобаға – 5 жыл

Мұнай өндірісіндегі зияткерлік. Жемісті жобаға – 5 жыл

«Ембімұнайгаз» кәсіпорны үшін соңғы да соны жаңалықтардың бірі – «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндірістік басқармаларында Жедел әрекет ету орталықтарының толық іске қосылуы болды.

Бұған дейін халықаралық мұнай-газ компанияларының іске асырған шешімдерін және қажетті цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын «Ембімұнайгаз» АҚ орталық кеңсесінің мамандар тобы жүргізіп келген болатын. Сондықтан верификацияланған деректерді алу, кен орындарымен жедел кері байланыс жасау үшін компания басшылығы өндірістік құрылымдық бөлімшелерде жауапты қызметкерлерді бекітіп, Жедел әрекет ету орталықтарын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл орталықтар компанияда 5 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Интеллектуалды кен орындары» жобасын одан әрі дамытудың жаңа бір қадамы болды.

Тиімді технология

Еске салсақ, алғашқы «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасы қанатқақты жоба ретінде Қызылқоға ауданындағы «Уаз» кен орнында 2016 жылы енгізілген еді. Пилоттық жоба болғандықтан да мұнай үздіксіз алынып келе жатқан шағын кен орны таңдалған. Нәтиже ойдағыдай сәтті шықты. Кен орнындағы жұмыстарды онлайн басқару технологиясы арқылы мұнай өндіру көлемі үш пайызға арттып, шығындарды азайтуға мүмкіндік туды. Одан қалды, жұмыстың ұзақ уақыт тоқтап қалу санын азайтты. Өйткені, жұмыс барысы туралы барлық қажетті мәліметтер дереу «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде жасақталған визуализациялық орталыққа жолданып, ақаулар дер уақытында жөнделеді. Сәйкесінше, ұңғы­маларда жұмсалатын электр энергиясы да үнемделеді.

Міне, 2016 жылы «Уаз» кен орнында қанатқақты жоба сәтті жүзеге асқаннан кейін «Ембімұнайгаз» АҚ «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасын өзге ұңғымаларда да кеңінен тәжірибеге енгізіп келеді. Мәселен, 2017 жылы «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ қарасты Прорва тобына жататын 4 – Сағидолла Нұржанов, Батыс Прорва, Досмұхамбетов, Ақтөбе кен орындарында жоба енгізілсе, 2018 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ қарасты «Жаңаталап» және «Доссормұнайгаз» МГӨБ қарасты «Шығыс Мақат» кен орындарында, 2019-2020 жылдары «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қарасты «Шығыс Молдабек» кен орнында жоба жемісті жүзеге асты. Бұл қатарға биыл және келер жылы «Оңтүстік-Батыс Қамысты» және «Забурунье» кен орындары қосылуы тиіс.

Айта кетерлік жайт, «Ембімұнайгаз» кәсіпорнының бұл цифрландыру жобасы республикалық «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енген. Сондай-ақ, 2017 жылы жоба Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Мұнай-газ саласындағы үздік 10 IT жоба» IX бүкілресейлік байқауында үздік деп танылған.

Жобаның басымдықтары

«Интеллектуалды кен орындарында» қолданылатын технологиялар электр қуатын едәуір үнемдеуге жол ашатынымен де маңызды. Өйткені, тереңдіктегі сорап сұйықтық толғанға дейін әрекетте болады. Құрылғының оңтайлануына байланысты қондырғының өзіне түсетін ауыртпалық азайып, соның негізінде көпке дейін тозбайды, жөндеуді сирек қажет етеді және ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Тұжырымдаманың арқасында қаржылық кіріс диаграмма және графика түрінде ұсынылады. Ұңғымалар, цехтар мен мұнай өндіру басқармаларының жоспарынан ауытқу байқалса, жедел ақпарат түсіп, өндіруге, геологиялық-техникалық шараларға кететін шығындар мен мерзімі кесте түрінде көрсетіліп тұрады.

Сарапшылар интеллектуалды кен алаңдарының оператор мамандар келбетіндегі қарапайым еңбек адамдарының жұмысын жеңілдеткенін айтады. Себебі, олар қыстың суық және жаздың аптап ыстық күндері ұңғымалардың жағдайын тексеру немесе істен шығу себебін анықтау үшін кен алаңдарын аралап жүрмейді. Бұл жұмыстар автоматты түрде және қашықтықтан жүзеге асып, қауіпсіздік мәселесі де ақсамайды.

Жедел әрекет ету орталықтары

Биыл іске қосылған жаңа орталықтардың барлығы да ақпаратты интерактивті ұсынудың заманауи техникалық құралдарымен жабдықталған. Мәліметтер компанияның бас кеңсесіндегі онлайн-режим жүйесі арқылы өндірісті қашықтан басқару мүмкіндігіне ие Өндірісті жедел басқару орталығына тікелей түсіп отырады.

Технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін, жөндеу бригадалары мен көлік мониторингін бақылау жүйесін, компанияның «Сандық кен алаңы» тұжырымдамасына қосылған кен орындарындағы әр ұңғыманың мәліметтерін бірнеше шақырым қашықтықта отырып-ақ экран арқылы бақылап отыруға мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ, көлікті бақылау жүйесі технологиялық көліктердің жұмысын бақылауға жағдай жасайды. Бұл мағлұматтар орталықтағы базаға жинақталып, соның негізінде дереу шешімдер қабылданады.

Компанияның бас кеңсесіндегі Өндірісті жедел басқару орталығы да жаңғыртудан өтіп, жаңа технологиялармен толық қамтылды. Ең бастысы, қызметкерлерге жұмыс жасауға ыңғайлы етіп жасақталған. Осы орталықтың көмегімен болашақта бұрғылау, ұңғыманы күрделі жөндеу, жерасты жөндеу процесін онлайн режимде жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болмақ. Бұл өз кезегінде негізгі өндірістік процестерді қашықтан бақылауға қызметкерлерді тарту мүмкіндігін арттырады.

Сонымен қатар, жаңа ОИТҚ кабинеттері кен орындарындағы көлік қозғалысын да толық бақылауға мүмкіндік береді. Бұл, ең бастысы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін қолға алынды.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: